Түркия Әскери-әуе күштері Түркияның Әскери-әуе күштері Ирактың солтүстігіндегі Кандил тауындағы Күрд Жұмысшылар партиясының (PKK) нысандарына соққы жасады. Бұл туралы «Анадолы» агенттігі Түркияның қарулы күштерінің бас штабына сілтеме жасап хабарлайды.
«Түркияның Әскери-әуе күштері 10 мамыр күні «PKK» террироистерінің он төрт нысанын жойды», - деп хабарланды.
Негізінен, Күрд Жұмысшылар партиясы бірнеше ондаған жылдан бері Түркия билігіне қарсы күресіп келеді. Ұйымның мақсаты Түркия республикасының территориясында дербес автономия құру болып табылады. Бұл ресми Анкара үшін елдің аймақтық тұтастыққа қауіп болып есептеледі.
Дереккөз: “The Qazaq Times”