Атырау, 22 желтоқсан 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Дариға Назарбаева: ІІМ құрамында ТЖК мен Ұлттық гвардия өгей баланың күйін кешіп жүр

2 949 рет қаралды


Сенат депутаты Дариға Назарбаева Төтенше жағдайлар комитеті мен Ұлттық гвардияның дербес бюджеттерін бекіту қажеттігін алға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Төтенше жағдайлар комитеті бөлімшелерінің қажетті инженерлік-техникалық құралдармен, арнайы жабдықтармен, көлікпен қамтамасыз етілуі нормативтің 30-дан 70 пайызға дейінгі деңгейінде. Бұл Ішкі істер министрлігі лимиттері аясында комитеттің жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты», - деді Д. Назарбаева Сенаттың жалпы отырысында. 

Сонымен қатар ол тиімсіз жоспарланған жобаларға тоқталды. 

«Біз қаражаттың тиімсіз игерілуін байқап отырмыз. Мәселен, өрт сөндіру деполарының құрылысына 15 жобалық-сметалық құжатнаманың ішінде тек төртеуі жүзеге асырылуда. 2017 жылы 4 жобаның мерзімі өтіп кетті, ал оларды әзірлеуге 86 млн теңге бюджеттік қаржы жұмсалды. Әзірленуіне 100 млн теңге жұмсалған тағы жеті жоба да 2018-2020 жылдардың бюджетіне енгізілмей қалған. Осы орайда 186 млн теңге бюджет қаржысы тиімсіз игерілгені көрініп тұр. Кейіннен қаржыландырылмайтын жобаларға бюджет қаржысын бөлудің қажеті қанша», - деп атап өтті сенатор. 

Бұл тұрғыда ол ТЖ комитеті мен Ұлттық гвардияның дербес бюджеттерін бекіту қажеттігін, сондай-ақ олар бойынша бюджет бағдарламаларының тиісті жетекшілерін айқындау керектігін сөз етті. 

«Біздіңше, осы екі қызмет Ішкі істер министрлігі құрамында өгей бала рөлінде жүр. Алайда оларға ерекше назар аударған жөн», - деп түйді Дариға Назарбаева.

Дереккөз: inform.kz

12 маусым 2018, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.