Атырау, 22 желтоқсан 21:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қостанай облысында түрмеден қашқан қылмыскер төрт күннен соң ұсталды

1 567 рет қаралды


Жаза мерзімін өтуден қашқаны үшін ер адам тағы екі жылға сотталуы мүмкін. Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жүрген қылмыскер қашып кеткен.

25 жастағы сотталған азамат 6 маусымда еркін жүріп-тұру мүмкіндігін пайдаланып, жұмыс орнынан кетіп қалған.

"Алау" басылымына облыстық қылмыстық-атқарушы жүйе департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел іздеу шаралары барысында қылмыскер 10 маусымда кешкі сағат 8 кезінде ұсталыпты.

Сотталған ер адамды жазасын әрі қарай өтеу үшін УК-161/11 колониясына жеткізді.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталды, соған сәйкес жазасына тағы екі жыл қосылуы ықтимал.

Дереккөз: sputniknews.kz

11 маусым 2018, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.