Атырау, 18 қыркүйек 22:31
 дождьВ Атырау +22.8
$ 444.58
€ 510.29
₽ 5.27

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

94 рет қаралды
AP Photo//Copyright 2026 The AP. All rights reserved.
AP Photo//Copyright 2026 The AP. All rights reserved.

Ресейде 18–20 қыркүйек аралығында өтетін парламенттік және жергілікті сайлаулар қатаң бақылауда ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды Евронью́с.

Кремль бұл науқанды халықтың соғысқа көзқарасын өлшейтін барометр ретінде қарастырады. Оппозициялық күштер қатыстырылмаған, ал билік партиясы «Единая Россия» басымдыққа ие болатыны алдын ала белгілі.

Сайлау Украинадағы оккупацияланған аймақтарда да жүргізілмек, бұл әрекет Киев пен Батыс тарапынан сынға ұшырап отыр. Билік «әскери операцияға» қатысқан кандидаттарды ерекше насихаттап, оларды «елдің жаңа элитасы» ретінде көрсетуде.

Көптеген сарапшылар бұл сайлауды «таңдау жоқ сайлау» деп сипаттайды. Халық арасында экономикалық қиындықтар мен мобилизацияға қатысты алаңдаушылық бар. Кремль кезекті рет мобилизация болмайды деп мәлімдегенімен, қоғамда сенімсіздік сақталып отыр.

Жалпы, бұл сайлау демократиялық бәсекелестіктен гөрі биліктің легитимділігін көрсетуге бағытталған саяси рәсім ретінде бағалануда.

Бүгін, 21:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.