Атырау, 22 желтоқсан 22:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстан мен Қытай сауда-саттық саласында ұлттық валюта қолдануға келісті

2 498 рет қаралды


Қазақстан мен Қытай қаржы саласында серіктестікті нығайтып, инвестиция, сауда-саттық саласында ұлттық валютаны кеңінен қолдануға келісімдер жасасты. Бұл туралы 2018 жылы 7 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин біріккен мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қос мемлекет Қазақстан мен Қытайдағы Ұлттық банктер арасындағы «теңге-юань» айырбасты жүзеге асыруды жалғастырып, қаржыландыру саласына инновациялық әдістер енгізбек.

Сондай-ақ, қос тарап электронды трансшекаралық сауда-саттық саласында серіктестікті нығайтуға келісті. «Цифрлық экономика» бағытында ұлттық бағдарламаларды бірігіп жүзеге асыру, жаңа серіктестік моделі мен платформасын құру көзделуде.

Мемлекеттер АХҚО, Жібек жолы және Қытай-Еуразия қорлары арасында стратегиялық, экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға келісті. Сондай-ақ, Жібек жолы қорын АХҚО биржа акционерлері құрамына қосуға қолдау көрсетілді. Құжатта АХҚО-ның Азия банкімен инфраструктуралық инвестицияларды дамыту көзделгені туралы жазылған.

Дереккөз: Baq.kz

12 маусым 2018, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.