Атырау, 26 желтоқсан 01:25
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Барлық жаңалық

Джиппен басып кетті Басқа жаңалықтар

Джиппен басып кетті

Біздің ақпарат көздеріміз хабарлағандай, маусымның 29-ынан 30-ына қараған түні Бірінші учаске маңындағы көшелердің бірінде сұмдық жағдай орын алған. Ер адам джип көлігімен үш адамды қасақана басып кетіп, оқиға орнынан ғайып болған. Зардап шегушілер арасында – бұрынғы депутат, УС-99 ірі құрылыс компаниясының бас директоры Аркадий КИМ бар. Сонымен қатар, оның жұбайы мен олардың жас көршісі зардап шеккен. Атырауға танымал бизнесмен қазіргі кезде облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалауда. 1 шілде 2016, 16:27 2 848 рет қаралды
Анасы жасөспірім баласын екі күн үйге кіргізбеген Басқа жаңалықтар

Анасы жасөспірім баласын екі күн үйге кіргізбеген

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 13 жастағы Сергейді тәртібі нашар болғаны үшін 2 күн бойына үйіне кіргізбеген анасына қатысты әкімшілік іс қаралды. 3 шілде 2016, 01:34 2 866 рет қаралды
Қолдануға жарамсыз су Басқа жаңалықтар

Қолдануға жарамсыз су

30 маусымда «АЖ»-ға Ғұмаров көшесінің бойындағы №88 үйдің (Соқырлар қоғамының үйі) тұрғыны Виктор СЕМЕНКИН қоңырау шалды. Ол таңертең жұмыстан үйіне келген кезде шүмекте салқын су болмағанын, ал тал түсте одан шіріген иісі бар лас судың аққанын хабарлады. 1 шілде 2016, 17:57 3 786 рет қаралды
Қазақ жалқау деген әңгімеден құтылу керек - Елбасы Қазақстанда

Қазақ жалқау деген әңгімеден құтылу керек - Елбасы

Қазақ жалқау деген әңгімеден құтылу керек. Бүгін Астанада Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының 2016 жылғы I жартыжылдық қорытындысына арналған кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті,- деп хабарлады ҚазАқпарат. 1 шілде 2016, 15:14 3 397 рет қаралды
Алмазбек Атамбаев: Ұры министр болғанша еден жуушы болған дұрыс Әлемде

Алмазбек Атамбаев: Ұры министр болғанша еден жуушы болған дұрыс

Бүгін қырғыз президентінің Ала-Арша резиденциясында алтын сертификаттарды табыстау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Алмазбек Атамбаев орта мектепті үздік бітірген түлектерге алтын сертификаттармен бірге президенттік стипендияларды да үлестірді,- деп хабарлады SN.KZ. 1 шілде 2016, 13:14 2 368 рет қаралды
Биыл 120 өндіріс іске қосылатын болады - Президент Қазақстанда

Биыл 120 өндіріс іске қосылатын болады - Президент

Биыл елімізде 120 жаңа өндіріс іске қосылатын болады. Бүгін Астанада Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының 2016 жылғы I жартыжылдық қорытындысына арналған кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті,- деп хабарлады ҚазАқпарат. 1 шілде 2016, 12:14 2 651 рет қаралды
Елбасы индустрияландыру бағдарламасы үшін Ә. Исекешевке ризашылығын айтып, жаңа министрге сенім білдірді Қазақстанда

Елбасы индустрияландыру бағдарламасы үшін Ә. Исекешевке ризашылығын айтып, жаңа министрге сенім білдірді

Бүгін Астанада Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының 2016 жылғы I жартыжылдық қорытындысына арналған кеңесті ашқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін индустрияландыру саясатын жүзеге асыруға жетекшілік еткен бұрынғы министр Әсет Исекешевке ризашылығын білдірді,- деп хабарлады ҚазАқпарат. 1 шілде 2016, 11:51 1 865 рет қаралды
Бішкек: Стамбулдағы жарылысқа қырғыз азаматының қатысы бары расталмаған Әлемде

Бішкек: Стамбулдағы жарылысқа қырғыз азаматының қатысы бары расталмаған

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі ДНҚ мен басқа да биологиялық және химиялық сараптамалардың ресми қорытындысы жарияланбай тұрып Стамбулдағы терактілерге қырғыз азаматының қатысы бар деу ерте және жалған деп мәлімдеді,- деп хабарлады Азаттық. 1 шілде 2016, 10:24 1 934 рет қаралды
Тасмағамбетов: Командирлер толық жұмыс атқармайды, нәтижесінде біз сарбаздардан айырылып отырмыз Қазақстанда

Тасмағамбетов: Командирлер толық жұмыс атқармайды, нәтижесінде біз сарбаздардан айырылып отырмыз

Кеше селектор форматында қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен алқа мәжілісінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомство сайтына сілтеме жасап. 1 шілде 2016, 10:07 1 884 рет қаралды
Қадір түнін қалай өткізген дұрыс? Қазақстанда

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

Қасиетті Қадір түні биыл 1 шілдеден 2 шілдеге қараған түнге тұспа-тұс келеді. Қадір түнінің мың айдан артық екендігі Қадір сүресінде ашық баян етілген. Осы түні жасаған құлшылықтарымыз 83 жыл жасалған мінәжәттің сауабына татиды. 1 шілде 2016, 09:59 7 746 рет қаралды
Саят Нәдірбаев Ермегияевтің ісіне қатысты өкініп, кінәсін мойындады Қазақстанда

Саят Нәдірбаев Ермегияевтің ісіне қатысты өкініп, кінәсін мойындады

Талғат Ермегияевтің ісіне қатысты күдікті істеген ісіне өкініп, кінәсін толықтай мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, Ермегияевтің оққағары мен сенімді өкілі Саят Нәдірбаевтің кінәні мойындау туралы келісімге келу жөнінде өтініш білдіргені хабарланды. 1 шілде 2016, 09:52 1 539 рет қаралды
БАҚ: АҚШ Ресейге Сирияда жаңа ынтымақтастық жоспарын ұсынды Әлемде

БАҚ: АҚШ Ресейге Сирияда жаңа ынтымақтастық жоспарын ұсынды

АҚШ Сирия дағдарысын Рсееймен бірлесіп шешудің жаңа тәсілін ұсынды. Washington Post басылымының хабарлауынша, ұсыныс Мәскеуге осы аптада жіберілген. Ұсыныста АҚШ "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Джабхат әл-Нусра" тобына қарсы операция бойынша ақпарат алмасып отыруға шақырады. Кремльдің Барак Обама әкімшілігінің саяси бағдарды түбегейлі өзгерту туралы ұсынысына жауап бергені, я бермегені әзірге белгісіз,- деп хабарлады Азаттық. 1 шілде 2016, 09:47 1 957 рет қаралды
Түркияда жарылысқа қатысты 13 адам тұтқындалды Әлемде

Түркияда жарылысқа қатысты 13 адам тұтқындалды

Түркия полициясы Стамбул әуежайында болған терактіге қатысты 13 адам, оның ішінде үш шетелдікті тұтқындады. Түркиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 30 маусымда полиция Стамбулдың 16 жерінде рейд жасаған,- деп хабарлады Азаттық. 30 маусым 2016, 15:51 1 536 рет қаралды
Қазақстанда 7 сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы ұсынысқа Дүйсенова пікір білдірді Қазақстанда

Қазақстанда 7 сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы ұсынысқа Дүйсенова пікір білдірді

Қазақстанда 7 сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы ұсынысқа ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 30 маусым 2016, 15:24 2 062 рет қаралды
Атқарушы органдар заңдарды бұрмалап, халықты сергелдеңге салып жүр – О.Өксікбаев Қазақстанда

Атқарушы органдар заңдарды бұрмалап, халықты сергелдеңге салып жүр – О.Өксікбаев

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин «100 нақты қадамды» іске асыруға арналған 59 заңның әрбіреуі бойынша депутаттардың жеке-жеке жауапты болатынын мәлімдеді. Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаевтың ойынша, ондай жауапкершілік әрбір заң бойынша болуы шарт, деп хабарлайды Baq.kz 30 маусым 2016, 11:41 2 903 рет қаралды
Юбенк Головкинмен жекпе-жекке шыққаны үшін қанша табыс алуы мүмкін?  Қазақстанда

Юбенк Головкинмен жекпе-жекке шыққаны үшін қанша табыс алуы мүмкін?

Ұлыбританиялық боксшы Крис Юбенктің WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекте қанша табыс табатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 30 маусым 2016, 11:32 1 982 рет қаралды
Ұлыбритания консерваторлары жаңа премьер сайлау кампаниясын бастады Әлемде

Ұлыбритания консерваторлары жаңа премьер сайлау кампаниясын бастады

Ұлыбританияның консервативтік партиясында жаңа премьер-министрді сайлау кампаниясы басталып кетті. Іс басындағы премьер Дэвид Кэмерон 23 маусымда Ұлыбританияда өткен референдумда британдықтардың көпшілігі елдің Еуропа Одағынан (ЕО) шығуын қолдап дауыс берген соң 9 қыркүйекте отставкаға кететінін мәлімдеген. Кэмерон Ұлыбританияның ЕО құрамында қалуын қолдайды,- деп хабарлады Азаттық. 30 маусым 2016, 11:28 2 135 рет қаралды