Атырау, 28 қараша 03:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жаңа жыл түнінде туған сәбилер

Сурет
4 791 просмотра

Халық ырымына сенсек, осы жыл жайлы жыл болмақ. Жаңа жыл түні Атырауда ұл балаға қарағанда қыз бала көп дүниеге келіпті (7 және 16).

Олардың бірі – кішкентай Варвара. Әкесі Сергей БОЧКОВ анасы Александра ТОЛМАЧЕВАНЫ перзентханаға отшашу болып жатқан кезде жеткізген. Атырау Астана уақытымен Жаңа жылдың басталуын тойлап жатқан кезде дәрігерлер перзентханаға келушіні ресімдеді. Бұл 40 минут уақыт алды. Қабылдау бөлмесінде әйелдер көп еді.

Әдетте, біз тәулігіне 30-ға дейін әйел қабылдаймыз. 29 желтоқсанда 40 сәби дүниеге келді. Әрине, аналардың бәрі үйлеріне асығып, мерекені отбасында қарсы алғылары келді. Мен өзім сенбіде 22 әйелді перзентханадан шығардым, - деп әңгімелейді облыстық перинаталдық орталықтың босанғаннан кейінгі бөлімінің акушер-гинекологы Фарида НЫСАНОВА. – Жалпы осы жаңа жыл әдеттегідей болмады. Бәлкім, 31-і сенбі күні болғандықтан шығар, дәрігерлер бүкіл кезекшіліктерін перзентхана залында өткізді. Ал жұмыс күндері кезекшілер ол жаққа бөлімшедегі күндізгі ауысымнан кейін барады. Отамен босанғандар да болды. Бүгін сәбилер мен аналардың барлығы перзентханадан шығуға әзірленуде.

Альбина ЗҰЛХАРНАЕВА – уақытының жақындап қалғанына қарамастан, жаңа жылды үйден қарсы алуды ұйғарған. 30 желтоқсанда су кетіп қалса да, өзі медик болғандықтан, 24 сағат ішінде толғағын күтуге тура келетінін біліпті. Сондықтан асықпай мерекелік дастарханын әзірлеп, туыстарымен аққайнар соғыстырып, содан кейін ғана перзенханаға жиналды.

Қаңтардың бірінде олардың отбасында екінші сәби, ұлдары Нұрмұхамед дүниеге келді. Бұған әкесі Алтынбек ҚУАНҒАЛИЕВТЫҢ қуанышында шек болмады.

Ал Александра Толмачеваның туған жері Ақтөбеде жаңа жыл түні 49 бала – 25 ұл бала мен 24 қыз бала дүниеге келген.

Әпкем тең болу үшін менің жетпей қалғанымды айтып күледі. Егер мен жаңа жылды Ақтөбеде қарсы алған болсам, Варя сол жақта дүниеге келер еді. Бірақ күйеуім осы жақта, қызым Валерия мектепте оқиды, кіші қызым Атырауда дүниеге келді. Енді бұл біздің сүйікті қаламызға айналды. Жаңа жыл түні енді қос мерекені – жаңа жыл мен қызымның туған күнін қатар тойлайтын болдық, - дейді Александра.

Бүгін, 4 қаңтарда аналар мен жаңа туған сәбилерді перзентханадан шығарады. Олардың өмірлері бақытқа толы болсын деп тілейміз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

4 қаңтар 2017, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.