Атырау, 14 қазан 09:22
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстанда Қарулы күштердің ауқымды әскери дайындығы басталды

2 607 просмотра

Астана. 5 қаңтар. ҚазТАГ – Қарулы Күштерде экипаждардың, есептоптар мен бөлімшелердің ауқымды дайындығы басталды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Қазақстанның Қарулы Күштерінде экипаждардың, есептоптардың, бөлімшелердің даярлығы бастау алды. Жауынгерлік арналымға сәйкес ұрыстың тың жағдайларында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге әскери қызметшілердің ұдайы әзірлігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ағымдағы жылғы қаңтардың 4-і мен 20-ы аралығында өтеді», - делінген бейсенбіде таратылған баспасөз парақшасында.

Хабарда атап өтілгендей, аталмыш дайындық лезде бірнеше мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Соның ішінде, экипаждардың, есептоптардың, бөлімшелердің үйлесуі мен далалық, әуе және теңіз машығын жетілдіру, жеке құрамның қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін меңгеруі, қауіпсіздік талаптарына сәйкес оған техникалық қызмет көрсету және жауынгерлік қолдануға әзірлікте ұстап тұруға білім мен дағдыны арттыру», - делінген қорғаныс министрлігінің хабарында.

Одан басқа, сабақтар жеке құрамның жоғары психологиялық тұрақтылығы мен дене төзімділігін, тәртіптілігі мен жауапкершілігін шыңдауға, жалпыәскери ұрыс қиындықтары мен күрделі жағдайлардағы жүктемелерді еңсеруге септігін тигізеді.

«Қарулы Күштерде экипаждарды, есептоптарды, бөлімшелерді дайындау алдында қазақстандық армияда жаңа 2017 оқу жылы басталысымен мамандықтар бойынша әскери қызметшілердің жеке дара даярлығы болып өткен», - делінген хабарда.

Дереккөз: ҚазТАГ

5 қаңтар 2017, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.