Атырау, 29 сәуір 00:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08

Атыраудағы реновация: тізім 90 үйге дейін қысқарды

Сурет
99 рет қаралды

Бұрын реновация бағдарламасына 225 көпқабатты үй кірген болса, қазір тізім қысқарып, талдау нәтижесінде таңдалған 90 апатты және ескі үй ғана қалды. Бұл тізім облыс әкімдігіне жолданды. Ал билік өкілдері жобаны жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Қала әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың «Ақ Жайық» газетінің ресми сауалына берген жауабынан белгілі болғандай, жасалған тізім осы үйлерді реновация бағдарламасына енгізу туралы қаулы жобасын дайындау үшін жолданған.

- Осы үйлердің тізімі реновациялау бағдарламасына енгізу туралы тиісті қаулы жобасын әзірлеу үшін облыс әкімдігінежолданды, - Мұқасов. 

Оның сөзінше, бүгінгі таңда реновация бағдарламасын іске асыруға мүдделі әлеуетті инвесторлармен алдын ала ауызша келіссөздер мен консультациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Реновация бағдарламасы бекітілген соң инвесторлармен келісімшарттарға отырып, оларға қойылатын нақты талаптар мен жобаларды іске асырудың құқықтық негіздері белгіленеді. Реновациялау бағдарламасы екі жолмен - бюджеттік инвестициялық жобалар және жеке инвесторларды тарту, яғни мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері мен меморандумдар арқылы жүзеге асады.

Әкімдікте сүрілетін үйлердің орнына немесе жанындағы жер телімдерін пайдалану мәселесіне бөлек түсініктеме берілді.

- Жер телімдері тек бекітілген бас жоспар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес, қалалық ортаны жайлылығын жақсарту мақсатында пайдаланылатынын келтіреді. Инвесторлар мен құрылыс салушылар туралы ақпарат тиісті келісімшарттарға қол қойылғаннан кейін ашық дереккөздерде жарияланады.

Меншік иелеріне жаңадан салынған нысандардан бұрынғы пайдалануда болған шаршы метрлеріне сәйкес келетін баспана ұсыну қарастырылған. Әрбір үй бойынша шешім тұрғындардың жалпы келісімі негізінде жеке қабылданады. 

Бұған дейін қала әкімі орынбасары Тілек Махуов қалада реновациялауды қажет ететін 225 көппәтерлік тұрғын үйдің тізімі айқындалған деп жауап берген. Махуов жақында берген жауабында «2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілген кестеге сәйкес және бюджеттік қаржыландырудың бөлінуі мен инвесторлардың дайындығына қарай кезең-кезеңімен іске асырылады. Нақты жұмыстардың басталуы техникалық құжаттамалар толық дайын болған кезде қосымша хабарланады» деп жауап берген.

Қалалық ТКШ бөлімінен хабарласқан маман кейін 90 үйдің тізімі нақты жауап деп мәлімдеді. Қала бойынша апатты және тозығы жеткен көппәтерлік тұрғын үйлер тізімін ұсынамыз.

Айнұр САПАРОВА

Кеше, 23:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.