Атырау, 23 қараша 00:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұшу алдындағы үрейді қалай жеңуге болады?

4 222 просмотра

Image 0

Статистика бойынша, ересек тұрғындардың 15 пайызы аэрофобиядан зардап шегеді. Яғни, оларды ұшаққа отыруға мәжбүрлеу мүмкін емес. Бірақ ұшу алдындағы мазасыздық немесе қорқыныш ұшар алдында адамдардың жартысынан көбіне тән.

Ал тәулігіне аспан кеңістігін бір жарым миллионнан астам адам кесіп өтеді. Шын мәнінде, олардың жартысы ұшудан қорқады. Егер әңгіме клиникалық тұрғыда дәлелденген «аэрофобия» диагнозы туралы болып отырса, мұндай адамға, әрине, тек дәрігер ғана көмектесе алады. Егер сіз бортта қорқыныш сезінсеңіз және әлсін-әлі бойыңызды үрей билесе, мұнымен күресуге болады. «Эйр Астана» компаниясы мұндай жолаушылар үшін әуеде ұшқан кезде үрейді жеңу жобасын әзірлеген және үнемі тренингтер өткізіп тұрады.

Тренинг екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде тәжірибелі ұшқыштар, әуе компаниясы экипажының командирлері жолаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап береді. Турбуленттілік, бұлттардың тығыздығы, ұшақты ұшуға әзірлеудің техникалық регламенті, найзағайлы бұлттардың тығыздығы мен олардың бортқа әсері туралы айтады. Найзағайлы аумаққа түскен кезде әуе лайнері едәуір зақым алуы мүмкін екен. Сондықтан ұшқыштар өз ұшақтарын мұндай бұлттардан бұрып алып кетеді немесе диспетчерлердің мақұлдауымен басқа әуе эшелонына ауысады.

«БЫКОВ БІЗДІ ЖЕРГЕ ҚАРАТТЫ»

Ұшқыш Вячеслав АУШЕВ заманауи ұшақтарда барлық агрегаттарда қосарланушы жүйе қарастырылғандығын еске салады.

- Әуе кемесінің көптеген жүйелерінде кем дегенді екі есе қосарланушы жүйе, кейде үш есе де болады. Сондықтан, мұндай аспаптың біреуі істен шыққан жағдайда ұшақ жайбарақат ұшуын жалғастырып, оны қауіпсіз аяқтай алады.

- Бортта демперденің оттек қоры қанша уақытқа жетеді?

- Жолаушылар үшін бір сағатқа жетеді. Бұл салонда саңылау пайда болған жағдайда, адам өздігімен тыныс алуға қабілетті болатындай биіктікке төмендеуге жеткілікті уақыт.

- Қазақстандық авиация тарихында мұндай жағдайлар болды ма?

- Иә, бірнеше жыл бұрын Шымкенттен Алматыға ұшып шыққан рейс оттек демпердесін қолдануға мәжбүр болды. Ойық болатындай емес, техникалық, яғни біртіндеп саңылау пайда болды. Сондықтан жолаушылардың барлығы демперде киіп үлгеріп, аман-есен жерге қонды.

- Биыл сіздің әуе компаниясы ұшқышының ауыр есірткі қолданғаны әшкере болып, сотталды. Бұл компанияның абыройына және оның ішкі регламентіне қалай әсер етті?

- Бұл жанжал төбемізден жай түсіргендей болды. Ұзақ уақыт бойына әріптесіміз, тәжірибелі ұшқыш Роман БЫКОВТЫҢ бізді жерге қаратқанына сене алмадық. Осы жағдайдан кейін экипаждың жағдайына бақылау жасау күшейтіліп, жоспардан тыс медициналық тексеру жүйесі енгізілді. Мұнда ерікті таңдау әдісімен ескертусіз экипажға қандарында алкоголь немесе есірткілік заттардың бар-жоғына сынама жүргізіледі.

ІШІМДІК ЖАҚСЫ ТӘСІЛ ЕМЕС

Сондықтан бортта бойыңызды үрей билесе, не істеу немесе не істемеу керек? Нұсқаушылар растағандай, дәстүрлі «дәрі-дәрмекті» - ішімдікті қолдануға, іс жүзінде болмайды екен. Биіктікте коньяктің бір унциясы жердегі бесеуімен барабар. Сондықтан ағза шамадан тыс жүктемені сезінеді, қан қысымының құбылуымен және алкогольдік шабуылға қатысты стресспен күресуге тырысады. Егер биіктіктен қорқатын болсаңыз, сізге иллюминатор қасына отырмаған жөн.

Ұшақта ұйықтауға, кітап оқуға, компьютерлік ойын ойнауға кеңес беріледі. Жеңіл-желпі тамақ ішіп алу, ең бастысы, жолдағы серігіңізбен әңгіме-дүкен құру жақсы көмектеседі. Егер қатты үрейленсеңіз, терең тыныс алу техникасын игеріп алған жөн. Кеуде қуысыңызды кеңінен ашып, терең тыныс алып, деміңізді қысқа ғана шығарыңыз. Осылайша 10 рет қайталасаңыз, үрейіңіз жоғалады. Осылайша ұшу кезінде қайталап жасаған жөн. Әсіресе, ұзақ жолда. Рұқсат етілген кезде бірнеше рет орныңыздан тұрып, бұлшық еттеріңізді уқалап, аралық бойымен бірнеше қадам басу керек.

Банкнотқа арналған резіңкені пайдалану жөнінде күтпеген кеңес айтылды. Оны білезігіңізге киіп, жағымсыз ой билеген кезде резіңкені тартып, кері жіберуге кеңес береді. Қолдың ауырсынуы ойыңызды өзгертуге көмектеседі екен.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
4 қаңтар 2017, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.