Атырау, 14 қазан 07:43
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздер Астанада 23 қаңтарда өтеді - БАҚ

2 086 просмотра

Түркияның сыртқы істер министрлігінің басшысы Мевлют Чавушоглу Астанада өтетін Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты келіссөздердің 23 қаңтарда болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Мевлют Чавушоглу ресейлік сарапшылардың 9-10 қаңтарда Сирияға қатысты келіссөздерді талықылауға дайындалу үшін Түркияға келетінін айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сирияның шамамен он оппозициялық тобының өкілі Дамаск тарапынан ереже бұзушылықтар болғандықтан, Астанада келіссөздерді өткізуді тоқтата тұратындарын мәлімдеген болатын. "Дамаск тарапынан бұл бұзушылықтардың жалғасып жатуына байланысты оппозициялық топтың өкілдері Астанада өтетін келіссөздерге қатысты барлық мәселені талқылауды тоқтататындарын мәлімдеді", - делінген еді оппозициялық топтың үндеуінде.

Сондай-ақ, Ресей мен Түркия көшбасшылары Сириядағы қақтығысушы тараптар арасындағы ахуалды бейбіт реттеуге арналған келіссөздерді Астанада өткізуге мүдделі екендіктерін білдірген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдап, Қазақстан елордасында мұндай келіссөздер жүргізу үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 қаңтар 2017, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.