Атырау, 28 қараша 03:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Көлеңкелі мұнай үшін айыппұл салынды

2 155 просмотра

Мақат поселкесінде орналасқан асфальт-бетон зуытының базасында шығу тегінің заңдылығын растайтын құжаттары жоқ сегіз тонна мұнайдың сақталғандығы анықталды.

Ал сотқа дейінгі тергеу барысында Сарыөзек ауданындағы осындай базадан құжаттары жоқ тағы алты тонна мұнай табылды. Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі хабарлады. Жақында сот тиісті құжаттары жоқ мұнай сақтаған жауапты тұлғаға үкім шығарды. Ол ҚР ҚК-нің 197-бабының 1-тармағы («Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды иемдену, өткiзу, сақтау») бойынша кінәлі деп танылып, оған 200 АЕК (424 200 теңге) айыппұл салынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
4 қаңтар 2017, 18:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.