ГИМНАСТИКА
Атыраулық спортшылар командасы Дубайда көркем гимнастикадан өткен халықаралық турнирден олжалы оралды.
Жарысқа 8 елден командалар қатысты. Турнир қорытындысы бойынша Кенжегүл Есенгелдіқызы доппен жаттығудан «алтын» медальға ие болды, Іңкәр Жұлмағанбетова өз жас санаты бойынша доппен, шеңбермен және көпсайыс жаттығуларында бірінші орынға шықты. Адиля Досова шеңбермен жасаған жаттығулар бойынша күміс жүлдегер атанды. Айсара Мақсотова және Аяна Алпысбай көпсайыс бойынша «қолаға» ие болды. Сондай-ақ, Аружан Касьянова, Ардақ Амандос, Алина Цой, Наиля Досова, Софиянар Қырылбай, Ғибадат Сержанқызы жақсы өнер көрсетті. Қыздарды Әсел Егеубай дайындады.
КАРАТЕ
Астанада Ресей, Белоруссия, Қырғызстан және Қазақстанның мықты спортшыларының қатысуымен кекушинкай-кан карате-до бойынша «Казахстан Опен» халықаралық турнирі болып өтті.
Атыраулық оғыландар қоржынында үш медаль: «күміс» – Аллаберген Сақауов және Алмаз Әлиханов, «қола» – Андрей Котов.
* * * * *
Индонезияның Макасар қаласында 2001-02 ж.т. кадеттер, 1999-2000 ж.т. юниорлар және 1996-98 ж. т. жастар арасында карате-до (AKF) бойынша Азия чемпионаты өтті.
Бұл турнир жапондық спортшылардың жеңіс салтанатымен аяқталды. Күншығыс елінің жас каратешілері 20 алтын медальды жеңіп алды. Жоапы командалық жүлде есебі кестесінің екінші орнын Иран өкілдері басты, ал, үшінші орынды индонезиялықтар еншіледі.
2014 жылғы жастардың Азия чемпионатында Қазақстан үшінші болды, бұл жолы біздің құрама бір алтын, екі күміс және үш қоламен жетінші орынға тұрақтады. Чемпионат басталар алдында кумите және ката бойынша WKF және AKF төрешілерінің біліктілік аттестациясы болды. ҚР құрамасымен Макасар қаласына Атырау облысының спорттық карате аға жаттықтырушысы Сансызбай Торғаев та барды. Ол кумите (А санаты) санаты бойынша WKF халықралық дәрежедегі төреші атағын дәлелдеу үшін және ката бойынша төрешілікке аттестациядан өтті. Аттестация теориялық (тест суалдары) және практикалық (кумите техникасы және катаның орындалуы) бөлімдерден тұрады. Емтихан қабылдаушылар тапсырушының физикалық дайындығына бастыназар аударды, Торғаев екі емтиханды да жақсы тапсырды.
ТАЕКВОНДО
ҚР Корея республикасы елшілігінің қолдауымен өткен Астана әкімінің кубогінде Махамбет ауданының таеквондошылары өздерін жақсы көрсете білді.
Жалғансай, Бейбарыс, Сарайшық, Талдыкөлден барған 14 бала бірден жүлделі орындарды иеленді. Олар Ақерке Жұмабай, Анель Алпысбаева, Дильназ Мухсиева, Мөлдір Әділгерей, Айжанар Жақия, Элеонора Аманжолова, Сая Сапанова, Жанель Амангельдиева, Айару Әділбай, Рамазан Әлібекұлы, Бақытгүл Садықова, Жандос Әділхан, Ислам Сағын және Айару Қуандықова. Балаларды жаттықтырушылар Марс Құрмашев (2-ші дан қара белдік, «Дунамис» спорт клубы) дайындады. Спортшылар мен жаттықтырушы Талдыкөл (К. Қазиев), Сарайшық (Т. Сарқұлов), Бейбарыс (О. Өтебаев), Жалғансай (Ж. Есенғалиев) селоларының мектеп директорларына алғыс білдіреді.
САМБО
Атырау қаласының №1 БЖСМ тәрбиеленушісі Айзада Алмаз самбодан өткен әлемдік біріншілікте «күміс» медальға ие болды.
2000-01 ж.т. кадеттер арасындағы әлем чемпионаты Кипрдегі Лимассол қаласында болды. Оған 17 елден келген жас самбошылар қатысты. Айзада алғашқы жекпе-жекте Грециядан келген спортшыдан басым түсті. Жартылай финалда өзбекстандық қарсыласын тізе бүктірді. Ал, финалда табан тірескен жекпе-жекте ресейлік спортшыға есе жіберіп алды. Айзаданы жаттықтырушы Данияр Жақсиев дайындады.
Суретте: А. Алмаз және халықаралық санаттағы төреші
(Атырау қаласы) К. Табынбаев.
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ
Аққыстау поселкесінде халық емшісі Зинеден Қарасайұлын еске алу құрметіне орай 2005-06 ж. т. жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті.
Атырау қаласы және аудандардан келген команда мүшелері арасынан Бексұлтан Талапов, Мәди Әміржанов, Жанібек Наренов, Әлихан Байменов, Қазбек Аңсаған, Диас Мақсотов, Мирас Құсайынов, Нурдан Сәрсенғалиев, Жандарбек Керей, Аманқос Ұзақбаев, Ерасыл Анесов, Ерасыл Жылқыбаев, Мансур Исатай, Нұрасыл Анесов, Оразбек Зинетолла, Мақсат Бакетов, Нұрсат Ерболат, Әділхан Қосшы, Алмаз Қазиев, Махамбет Серікқалиев, Әбілмансур Ғалым, Марғұлан Ғатауов, Дәулет Мүтишов, Алмаз Жанқылыш, Нұрқанат Серіков, Нарсен Молдағазиев және Нұржол Бақтен медаль иегерлері атанды.
ЖҮЗУ
2007 ж.т. және одан кіші балалар тобы арасында жүзуден Атырау біріншілігі аяқталды.
Бірінші командалық орынды қала құрамасы жеңіп алды. Дарья Насимуллина, Алисия Меңдыбаева, Төрежан Тоқашев, Диар Ғизатов алтын медальды жеңіп алды, Ақжүніс Қилыбаева, Сагдиана Молдашева, Надежда Зарецкая күміс медальды иеленді, қола Ирина Пак пен Милана Бариеваға бұйырды. II орынды «Европа» ОЦ ие болды. Командаға алтынды Әлихан Құтлымұрат, күмісті Исур Уалиев, София Пейчева, Даниял Қабдолов, Арман Аманбай, Арсен Құрғанбаев, Дарья Грузинцева алып берді.
Біздің «Ардагер» фитнес-орталығының ең кішкентай оқушылары Инжу Ғалымжанқызы және Сұңқар Нармағамбет III орынды жеңіп алды.
СУДАҒЫ ПОЛО
Орталық жүзу бассейнінде 2002-03 ж. т. жасөспірімдер арасында су полосы бойынша ел чемпионатының финалдық кезеңі өтті.
Бұған дейінгі өткен екі кезеңнің қорытындысы бойынша «Атырау» командасы турнирлік кестенің екінші орынына, қарағандылықтардан кейін жайғасты. Өкінішке қарай, өз бассейндерінде «Қарағанды» командасымен өткен шешуші кездесуде атыраулық спортшылар есе жіберіп, «күміс» жүлдені місе тұтты. «Қола» медаль Астанадан келген командаға бұйырды. «Атырау» құрамындағы Сәттібек Кенжебай және Ғани Жұмабаевтар үздік спортшылар деп танылды. Айта кету керек, осы жас санатында 2014 және 2015 жылдары «Атырау» командасы ел чемпионатының алтын медалін алды. Спортшыларды Бағдат Динбаев және Ернұр Қойлиев жаттықтырады.
***
СПАРТАКИАДАЛАР
Аймақтық дене тәрбиесін дамыту орталығының бастамасымен Атырау мұнай-газ университетінің спорт залында облыстың жоғары және орта арнайы оқу мекемелерінің педагогикалық ұжымдары арасында спартакиада өтті.
Шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, баскетбол, волейбол және гандбол жарыстарына 17 команда қатысты, олардың құрамында 825 педагог болды. Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды АМУ командасы, екінші орынды қазіргі заманғы Каспий өңірі колледжі, үшінші орынды Индер ауыл шаруашылығы колледжі жеңіп алды.
ВОЛЕЙБОЛ
«Нұрсая» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ерлер командалары арасында волейболдан облыс чемпионаты өтті.
Жарысқа Атырау қаласы және облыстың жеті ауданының құрама командасы қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды Атырау қаласының құрамасы, екінші орынды Жылыой ауданы, үшінші орынды Құрманғазы ауданы жеңіп алды.
Әдебиет Ердешов (Құрманғазы), Сағынбай Шотпақов (Махамбет), Қазбек Исабаев (Жылыой), Марат Досанов (Индер) және Еркебұлан Мараймов (Атырау) ең үздік ойыншылар болып танылды.
АУЫР АТЛЕТИКА
Атлетикалық трюктер кеші №1 БЖСМ ауыр атлетика залында өтті. Мықтылардың өнерін тамашалауға осы спорт мектебінің тәрбиеленушілері жиналды.
Алаңға алғашқы болып гір көтеруші, әлем чемпионы Евгений Ухов (суретте) шықты. Ол бір сағат ішінде 20 келілік кір тасын 1 012 рет көтерді. Бұл оның жаңа жеке рекорды болды. Одан кейін зілтемірден жаттықтырушы Арман Өбиев өнер көрсетті. Ол 39 келілік кір тасын бір саусағымен көтерді. Бұл да оның жеке рекорды. Арман армрестлинг және кір тасын көтеруден әлем чемпионы Грецияға қоныс аударған бұрынғы тараздық жаттықтырушы Пантелея Филикидидің бір саусағымен 70 келі көтерген рекордын қайталауды армандайды. Кешті Нұрбол Сәлімгереев аяқтады. Ол түзу темір арқауды дөңгелете бүкті, екі қалың шегені майыстырды және ойын картасының жиынтығын жыртты.
ҚР Еңбегі сіңген жаттықтырушысы Игорь Миргамбаев өзі бастаған атлеттердің жаңа шоу бағдарламасын келесі жолы қалың жұртшылық алдында көрсетуге уәде етті.
Дайындағандар Зульфия ИСКАЛИЕВА мен Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ