Атырау, 14 қазан 09:27
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қызыл кітапқа енген арқарды селфи жасау үшін жаралағандар ұсталды

Бейнежазба
3 222 просмотра

Қарағанды облысында браконьерлер селфи жасау үшін Қызыл кітапқа енген арқардың тұяқтарын сындырған., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі кезде браконьерлер ұсталып, оларға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Видеоны полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстау кезінде түсірген. Видеода тұяғы сынған жануардың қансырап жатқаны көрінеді. Арқар қар үстінде жатыр, көзі ашық. Жануардың қасында күдіктілер көрінеді. Полицелер күдіктілерден ұялы телефонды тәркілеп, оның ішінен арқармен жасалған селфиді анықтады. Ал жануардың аяғын қашып кетпес үшін сындырған.

Жыртқыштар әлемін қорғау рейд шаралары барысында күдікті браконьерлер ұсталған. Ер адамдардан аңшылыққа бейімделген төрт ит пен жараланған арқар тәркіленген. Ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу шаралары жүріп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.


Дереккөз: Tengrinews.kz

5 қаңтар 2017, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.