Атырау, 14 қазан 09:28
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ыстанбұлдағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр – СІМ

2 188 просмотра

Түркиялық БАҚ-та Ыстанбұлдағы терактіге байланысты қазақстандықтардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазір мұның анық-қанығын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз қазір бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз. Қосымша ақпаратты кейінірек хабарлаймыз», - деп мәлімдеді ҚР СІМ-нен.

Түркиялық Dogan агенттігінің ақпарат таратуынша, Түркияның құқық қорғау органдары Ыстанбұлдағы түнгі клубта болған лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 40 адамды қолға түсірген. Ұсталғандардың арасында 20 бала да бар: 9 ұл және 11 қыз. Хабарланып отырғандай, ұсталғандардың дені Дағыстан азаматтары. Сондай-ақ қырғыздар мен болжам бойынша Түркістаннан келген қазақстандықтар да бар. Тәртіп сақшылары күдіктілерді Ыстанбұлдың Зейтинбурну ауданында ұстаған.

Бұған дейін Измирде 27 адамның ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Естеріңізге салып өтсек, жаңа жыл түні мегаполистегі Reina түнгі клубына шабуыл жасалды. Автоматпен қаруланған террорист клубты күзеткен полицейге оқ атып, ғимаратқа баса көктеп кіріп, мекеме ішіндегі адамдарға оқ жаудырған. Клубта сол түні 700-ден аса адам болыпты. Түркия ІІМ мәліметінше, қайғылы оқиғадан 39 адам қаза тауып, 69-ы жараланды. Мұның алдында Рейтер агенттігі теракті үшін жауапкершілікті ИГ лаңкестік ұйымы өз мойнына алғанын жазған болатын.

Дереккөз: Baq.kz

5 қаңтар 2017, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.