Атырау, 14 қазан 07:41
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысына қатысты

2 783 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 қаңтар күні Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде 2017 жылғы Кеңестің алғашқы отырысына қатысты.

Отырыс барысында 2017 жылдың қаңтар айына арналған Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс бағдарламасы бекітілді. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Уақытша сенімді өкілі Барлыбай Садықов бастап барды. Сол күні Қауіпсіздік Кеңесіне мүше Боливия, Ұлыбритания, Египет, Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Сенегал, АҚШ, Украина, Уругвай, Франция, Швеция және Жапонияның барлық делегация жетекшілерінің дәстүрлі ресми кездесуі болды.

Шара Швеция корольдігінің уәкілдігінде бұл елдің тұрақты өкілі, 2017 жылдың қаңтарынан Қауіпсіздік Кеңесін басқаратын Олаф Скугтың төрағалығымен өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

4 қаңтар 2017, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.