Атырау, 24 желтоқсан 21:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Барлық жаңалық

2019 жылдан бастап ҰБТ төрт рет өткізіледі Қазақстанда

2019 жылдан бастап ҰБТ төрт рет өткізіледі

2019 жылдан бастап жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет, яғни қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз айларында өткізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 21 қараша 2018, 17:32 3 036 рет қаралды
"Тұлпар-Тальго" жолсеріктері пойызда әйел зорлады деп айыпталып жатыр Қазақстанда

"Тұлпар-Тальго" жолсеріктері пойызда әйел зорлады деп айыпталып жатыр

Қоғам белсендісі Дана Смайылова пойыз жолаушысын екі жолсеріктің зорлағанын мәлімдеді. Әйел зорлады деген айыптан кейін "Тұлпар-Тальго" пойызының жолсеріктері жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  21 қараша 2018, 16:43 2 385 рет қаралды
Жеделсатылар, кәріз желісі және жел генераторлары туралы Басқа жаңалықтар

Жеделсатылар, кәріз желісі және жел генераторлары туралы

Атыраудағы 114 көпқабатты тұрғын үйде 266 жеделсаты болса, олардың 26-сы ауыстыруды қажет етеді. 7 аудандағы ауылдық елді мекендердің 79,2  пайызы орталықтандырылған ауыз су және көгілдір отын желісіне қосылған. Осы және басқа да цифрлар туралы барысында облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Мұрат ИҒАЛИЕВ брифингте мәлімдеді. 21 қараша 2018, 16:29 2 537 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

«GEOENERGYGROUP» ЖШС-гі қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды

2018 жылдың желтоқсан айының 21 жұлдызында «GEOENERGYGROUP» ЖШС-гі «Қаратон Восточный» және «Қаратон Сарқамыс» (Ақнияз, Атанақ, Тәжіғали) кен орнындарында 3Д-МОГТ сейсмобарлау жұмыстарына қоршаған ортаға әсерін  бағалау» жобалары бойынша қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды. Өтетін орны: «GEO ENERGYGROUP» ЖШС-нің акт залы. Сағат 15.00-де. Мекенжайы: Атырау қ., М.Темірханов көшесі, №3. Барлық ұсыныстар мен ескертулер le_group@mail.ru  поштасы арқылы қабылданады, сондай-ақ осы мекенжай арқылы мәліметтердің электрондық нұсқасын сұратуға болады. PR 21 қараша 2018, 15:18 2 015 рет қаралды
​Қазақстанның Терроризмге қарсы к​одексіне 70-тен астам мемлекет қол қойды - Елбасы Қазақстанда

​Қазақстанның Терроризмге қарсы к​одексіне 70-тен астам мемлекет қол қойды - Елбасы

Қазақстанның Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібі кодексіне 70-тен астам мемлекет қол қойды. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  21 қараша 2018, 15:09 2 106 рет қаралды
Өз кеудесіне екі рет оқ атқан: анасы әскердегі ұлының суицид жасағанына сенбейді Қазақстанда

Өз кеудесіне екі рет оқ атқан: анасы әскердегі ұлының суицид жасағанына сенбейді

Тергеу мәліметі бойынша, 19 жастағы Әлихан Қожакелдиев екі рет кеудесіне оқ атқан. Шығыс Қазақстан облысында "Ақжон" шекара бекетінде 17 қарашада төтенше жағдай болып, салдарынан әскери борышын өтеп жүрген сарбаз Әлихан Қожакелдиев қаза тапты. Тергеу мәліметінше, ол қызметтік қарумен кеудесіне екі рет оқ атқан. 21 қараша 2018, 15:16 2 122 рет қаралды
​АҚШ Иран мұнайын тасымалдаған ресейлік компанияларға санкция енгізді Әлемде

​АҚШ Иран мұнайын тасымалдаған ресейлік компанияларға санкция енгізді

АҚШ Иран мұнайын сатқан ресейлік компанияларға санкция салды. Қара тізімге енген Global Vision Group пен «Промсырье Импорт» мемлекеттік кәсіпорнының Ираннан Сүрияға мұнай тасымалдауға қатысқаны анықталды.  21 қараша 2018, 14:36 1 798 рет қаралды
"Рухани жаңғырудың" жалғасы: Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы Қазақстанда

"Рухани жаңғырудың" жалғасы: Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы

Sputnik Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 қарашада шыққан "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын жариялайды. Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. 21 қараша 2018, 12:38 3 402 рет қаралды
Атырауға «еуроконтейнерлер» келді  Басқа жаңалықтар

Атырауға «еуроконтейнерлер» келді

Атырау әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, «Арнаулы автобаза» ЖШС үшін, баспасөз хабарламасында айтылғандай, еуропалық стандарттарға сай келетін 222 қоқыс контейнерін сатып алған. Олардың 120-сы қалаға жеткізілген, қазір оларды орнатуға әзірлік жұмыстары жүріп жатыр. «AЖ» тілшісі жаңа «озық» бактардың бұрынғылардан несімен ерекшеленетінін анықтаған еді. Сурет 21 қараша 2018, 11:50 2 545 рет қаралды
Құм карьерлерінің ұрылары Басқа жаңалықтар

Құм карьерлерінің ұрылары

Бұдан он жыл бұрын аудан орталығы Құлсары қаласынан екі шақырым жерден белгісіз біреулер заңсыз топырақ алып, үлкен карьер жасаған. Осы жерден әлі күнге дейін «жасырын» топырақ алады екен. Жергілікті билік бұл «Құлсары - Теңіз» су құбырын жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің ісі екенін анықтап, қолдарынан келгенше күресіп келеді. Сурет 21 қараша 2018, 10:42 3 214 рет қаралды
Мақатта мал бағатын жер жоқ Басқа жаңалықтар

Мақатта мал бағатын жер жоқ

Негізгі табысы мұнай өндірісімен байланысты Атырау облысы Мақат ауданында ауыл шаруашылығын дамыту жайылым жерлердің аздығы, көп жерлердің сортаңдығына байланысты қиын болып отыр. Елді мекендерге жақын құнарлы жайылым жерлер бар. Алайда бұлар көрші Қызылқоға ауданына тиесілі. «АЖ» тілшісіне хабарласқан бір топ шаруалар осы жер мәселесін көптен шеше алмай келе жатқандарын айтады. 21 қараша 2018, 10:07 2 689 рет қаралды
Жас гимнастшылар «Атырау» көрермендерін тәнті етті Спорт

Жас гимнастшылар «Атырау» көрермендерін тәнті етті

18-19 қарашада «Атырау» ДСК-де көркем гимнастикадан  облыстық «Каспий жұлдыздары» ашық чемпионаты өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ден астам жас спортшы қыздар қатысып, 2003-2014 жылғы қыздар А, В, С санаттарында өнер көрсетті. Құрал-саймандарын түсіріп алған, құлап қалған сәттер, реніш пен қуаныштың көз жастары да болды - әсіресе, ең кішкентайлар арасында. Әрине, көпшілік алдына шығудың өзі оңай емес, дегенмен де, олар толқыныстарын жеңіп шығып, көрермендерге өте әдемі әрі әсерлі көрініс сыйлады. Сурет Бейнежазба 21 қараша 2018, 12:20 6 129 рет қаралды
«Кооперация» операциясы: шаруа үйлеспеді Басқа жаңалықтар

«Кооперация» операциясы: шаруа үйлеспеді

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ауылшаруашылық кооперациялары туралы» заң күшіне еніп, ауыл тұрғындары мемлекеттен субсидия алып, ұжымдарға біріп, заңды тұлғаларға айналды. Алайда араға үш жыл салмай сол кезде Атырау облысында құрылған кейбір кооперативтер жұмысын тоқтата бастады. Сурет Бейнежазба 21 қараша 2018, 10:22 3 133 рет қаралды
«Қазақ іздеп жүрмін» Қоғам

«Қазақ іздеп жүрмін»

Осындай ерекше атаумен Атырау облыстық халық шығармашылығы орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халыққа айтыстың жанашыры әрі ұйымдастырушысы ретінде таныс, ақын Жүрсін ЕРМАНННЫҢ шығармашылық кеші өтті. Сурет 21 қараша 2018, 10:57 2 825 рет қаралды
"Келесі сенсің!" Шөпті өртеп, хат қалдырып жүрген қаскөй бүкіл ауылды үрейде ұстап отыр Қазақстанда

"Келесі сенсің!" Шөпті өртеп, хат қалдырып жүрген қаскөй бүкіл ауылды үрейде ұстап отыр

Жергілікті тұрғындар бірнеше рет өрт шыққан соң, кезекшілік ұйымдастырып, әуреге түсті. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қосестек ауылының тұрғындары бүгін кімнің үйінен өрт шығады деп алаңдап отырады, себебі небәрі он күн ішінде он үйдің қорасындағы шөп өртенген, деп хабарлайды КТК. 21 қараша 2018, 09:35 2 293 рет қаралды
​Басаев бандасының мүшесі теракт жасалғаннан кейін 23 жыл өткенде ұсталды Әлемде

​Басаев бандасының мүшесі теракт жасалғаннан кейін 23 жыл өткенде ұсталды

ФТБ қызметкерлері шешен лаңкесі Шамиль Басаевтың тобында 1995 жылы Ставрополь өлкесіндегі Буденновск қаласында адамдарды кепілге алуға қатысты деген мүшесін ұстады. Бұл туралы арнайы қызметтің сайтында хабарланып отыр.  21 қараша 2018, 09:31 2 036 рет қаралды
“Баспанасыз” мүсәпір және темір есіктің құпиясы Қоғам

“Баспанасыз” мүсәпір және темір есіктің құпиясы

Редакцияға ұзақ уақыттан бері өз баспанасы болса да, көшеде түнеп жүрген көршісінің тағдырына алаңдаған Авангард 3-ші ықшамаудандағы №36 үйдің тұрғыны хабарласты. Бірақ оның пәтерінің темір есігі... электрмен дәнекерленген екен. «AЖ» тілшісі ер адамның өзі үйіне қалай кіре алмайтынын және оның қалай болғанын анықтап білді. Сурет 20 қараша 2018, 21:31 3 648 рет қаралды