Атырау, 21 желтоқсан 22:13
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жас гимнастшылар «Атырау» көрермендерін тәнті етті

Сурет Бейнежазба
5 714 просмотра


18-19 қарашада «Атырау» ДСК-де көркем гимнастикадан  облыстық «Каспий жұлдыздары» ашық чемпионаты өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 400-ден астам жас спортшы қыздар қатысып, 2003-2014 жылғы қыздар А, В, С санаттарында өнер көрсетті. Құрал-саймандарын түсіріп алған, құлап қалған сәттер, реніш пен қуаныштың көз жастары да болды - әсіресе, ең кішкентайлар арасында. Әрине, көпшілік алдына шығудың өзі оңай емес, дегенмен де, олар толқыныстарын жеңіп шығып, көрермендерге өте әдемі әрі әсерлі көрініс сыйлады.

Айтпақшы, биыл Атырау көркем гимнастикасы мектебіне 15 жыл толады. Мектептің аға жаттықтырушысы Көклан ЕГЕУБАЕВАНЫҢ айтуынша, қазіргі уақытта олардың сүйікті дағдылы ісі - топтық жаттығу екен.

- Қатарынан бес гимнастшы марапатталады, бәрі бірден нәтиже көрсетеді, спорт шеберіне үміткер және спорт шебері нормасын орындайды. 2007 жылғы юниорлар - келешегінен үміт күттіретін команда. Олар қыркүйекте өткен ел чемпионатында 27 командалық көпсайыста төртінші орынға ие болды, - деп әңгімелейді бапкер. -  Жеке бағдарламада көш бастаған 2003 жылғы үш қызымыз бар - ЖАЛҒАСОВА, АЛПАНОВА және ЖҰЛМАҒАМБЕТОВА. Олар қазір спорт шебері нормасын орындау үшін ұпай жинауда.

Жергілікті көркем гимнастика мектебінде бүгінгі күні штаттағы екі бапкер және штаттан тыс хореграф жұмыс істейді, оларға жоғары жастағы екі спортшы қыз көмектеседі.

- Өткен жылы кәсіби кілем сатып алдық. Әрине, спорттық құрал-саймандарымыз: күрзі, шеңбер, лента, секіртпе мен добымыз көп болса екен дейміз, - дейді Егеубаева.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

21 қараша 2018, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.