САМБО
Атырауда Өңірлік дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен 2003-04 жылғы жасөспірімдер арасында самбодан республикалық турнир өтті.
Атырау облысының құрамасында Қазбек Аңсаған, Алламан Дүйсенғалиев, Дінмұхамед Қилымов, Райымбек Базарбаев пен Нұрасыл Рысбаев жеңімпаз атанды. Қыздар арасында алтын алқаны Зарина Қуанышева жеңіп алды. Командалық жарыс нәтижесінде өңіріміздің құрамасы 1-ші орынды иеленді.
ТАЭКВОНДО
Атыраулық таеквондошы Нұрай Хусаинова Парижде өткен «French Open 2018 G-2» халықаралық турнирінде табысты өнер көрсетті.
Ол 63 келіге дейінгі салмақта қола алқа жеңіп алды.
КҮРЕС
Астрахань қалалық думасы кубогы үшін грек-рим күресі бойынша өткен ашық турнирде атыраулық спортшылар екі қола алқаны иеленді.
59 кг дейінгі салмақ дәрежесінде - Әділжан Елемесов (59 кг дейін) пен Шынболат Есеналиев (80 кг дейін) ерекшеленді.
КИКБОКСИНГ
Будапешттегі әлем чемпионатынан оралған Атырау спортшылары қоржындарын алқаға толтырып қайтты.
Жандос Назарбеков әлем чемпионы атанды, Абзал Дүсіпов күміс алқа әкелді, Жанәлі Сәлімгерейге қола алқа бұйырды.
МУАЙ-ТАЙ
Анталияда Еуразия кубогы аясында «Қайсар» Атырау спорт клубының жас шәкірттері де ел құрамасында өнер көрсетті. Олардың нәтижелерін табысты деп атауға болады.
Алан Юсупов күміс жүлдегер атанды, ал Вячеслав Ким мен Әзиза Құрманғалиева қола жүлде алды. Командалық сайыста Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді.
ДЗЮДО
Атырау облысының құрамасы дзюдодан Астанада өткен ел чемпионатында командалық сайыстар бойынша алтын алқа жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жеке жарыстарда да спортшыларымыз жақсы өнер көрсетті: күміс алқаны Ақжол Қайыпхан, Назгүл Құбашева және Саида Қапсалыққызы, қола алқаны Эльмира Самиғоллаева мен Арман Қалиев иеленді.
Нәтижесінде чемпион атанған команда құрамында олардан басқа, Сұңғат Закарияев, Сүйінбай Нұрлыхан, Ержан Теміржанов, Арман Ерғалиев, Тілекші Дүйсенова және Гүлзада Алмаз болды. Барлығы да алтын алқа алды.
Спортшыларды бапкерлер Рашид Құлбаев пен Мейіржан Есмағамбетов дайындады.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ