Атырау, 28 наурыз 21:30
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

"Тұлпар-Тальго" жолсеріктері пойызда әйел зорлады деп айыпталып жатыр

2 229 просмотра


Қоғам белсендісі Дана Смайылова пойыз жолаушысын екі жолсеріктің зорлағанын мәлімдеді. Әйел зорлады деген айыптан кейін "Тұлпар-Тальго" пойызының жолсеріктері жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды 

Әйелдің пойызда зорланғанын қоғам белсендісі Дана Смайылова (Тансари) әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, зардап шеккен әйел "Не молчи.kz" қорына көмек сұрап келген. 

Смайылованың хабарлауынша, әйел жүрдек пойызбен ғылыми конференциядан үйіне қайтып келе жатқан. Ол купені ішінен жауып алып, ұйықтаған. Есікті қызметтік кілтімен ашқан жолсерік зорламақ болып жатқанда ол оянып кетеді. 

"Жолсерік арам ойын іске асырғаннан кейін шығып кетеді. Зардап шеккен әйел есеңгіреп жатқанда, екінші жолсерік кіріп, оның әлсіздігін пайдаланып зорлайды", — деп жазды Смайылова. 

"Жолаушылар тасымалы" кәсіпорындағылар қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатқанын хабарлады. 

"Астана-Нұрлы жол – Ақтөбе" бағытындағы №97/98 пойызы жолаушысының шағымына қатысты аталған факті бойынша қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр. Өз кезегінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ тергеуге жан-жақты көмек көрсетуде. Жолсеріктер сол күні-ақ тергеу аяқталғанша жұмыстан шеттетілді", — деді кәсіпорындағылар. 

Дина Смайылованың айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетіліп жатыр, ол психотерапевттердің бақылауында. 

Дереккөз: sputniknews.kz

21 қараша 2018, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.