Атырау, 29 қараша 07:39
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Трамптың мигранттар туралы жарлығына уақытша тыйым салынды

1 476 просмотра


АҚШ-та Сан-Франциско округінің соты президент Дональд Трамптың мигранттарды қабылдау мен оларға саяси баспана беруді қатаңдату туралы жарлығына уақытша тыйым салды.

Сот мұндай шешімді Азаматтық бостандықтарды қорғау жөніндегі одақтың шағымын қараған соң қабылдады. Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл құжат елдің әкімшілік және иммиграциялық заңнамасына қайшы. 

Ал Ақ үй басшысының жарлығы бойынша босқын мәртебесі АҚШ шекараларындағы арнайы бекеттерден өткен келімсекке ғана беру қарастырылған. Бұл Орталық Америка елдерінен шыққан мигранттар керуендерінің ел аумағына заңсыз өтуіне тосқауыл қою үшін қабылданған еді.

Дереккөз: 24.kz

21 қараша 2018, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.