Атырау, 5 қараша 19:36
 дождьВ Атырау +8.9
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53

Барлық жаңалық

Атырауда жаңа жол құрылысына байланысты мұнай құбырының екі учаскесі көшірілді Атырауда

Атырауда жаңа жол құрылысына байланысты мұнай құбырының екі учаскесі көшірілді

​«ҚазТрансОйл» АҚ «Мартыши – Атырау» магистральдық мұнай құбырының қайта салынған екі учаскесін іске қосты. Жұмыстар «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астрахань)» автожолының қайта жаңғыртылып жатқан бөлігімен қиылысу аумағында жүргізілді. Бүгін, 17:16 80 рет қаралды
Болат Ақшолақов Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездеседі Атырауда

Болат Ақшолақов Қызылқоға ауданының тұрғындарымен кездеседі

Жұма күні, 6 қарашада​ Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов жұмыс сапарымен Қызылқоға ауданына барады. Сапар аясында өңір басшысы жергілікті тұрғындармен жүздесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Бүгін, 16:46 95 рет қаралды
Түрмеге апарар жол да тарылып бара ма? Атырауда

Түрмеге апарар жол да тарылып бара ма?

Атыраудағы ерлерге арналған түзеу колониясы мен тергеу изоляторына апаратын жолдың шұңқыры биыл бітелген. Бұл туралы «Ақ Жайық» тілшісінің сауалына қала әкімінің баспасөз хатшысы Еркеназ Қалижан жауап берді. Алайда, бұл жолдың қазіргі жағдайы көп сауал туындатып отыр. Бүгін, 16:21 109 рет қаралды
Таңдайдағы апатты ұңғыманың маңайында құстардың өлімі бірінші рет ресми тіркеліп отыр Экология

Таңдайдағы апатты ұңғыманың маңайында құстардың өлімі бірінші рет ресми тіркеліп отыр

Махамбет ауданы Таңдай ауылының маңындағы апатты ұңғыманың айналасында құстардың қырылу дерегі алғаш рет тіркеліп отыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев растады. Ал Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне сәйкес, ол жерде 15 құстың өлексесі табылған. Олардың бәрі - үйректер. Бүгін, 16:05 117 рет қаралды
Букмекерде бәс тігіп, алимент төлемеген: Атырау прокурорлары 200 млн теңге берешекті қайтарды Атырауда

Букмекерде бәс тігіп, алимент төлемеген: Атырау прокурорлары 200 млн теңге берешекті қайтарды

Атырау облысының прокуратурасы алимент бойынша берешекті қайтару шараларын күшейтті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 1400-ден астам баланың пайдасына 200 миллион теңгеден астам қарыз өндірілді. Кеше, 18:13 371 рет қаралды