Атырау, 22 желтоқсан 10:36
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Әлемде

Түркіменстанда «гүленшілерге» қатысы бар делінген елуден астам адам ұсталды Әлемде

Түркіменстанда «гүленшілерге» қатысы бар делінген елуден астам адам ұсталды

Түркіменстанның Лебап облысында соңғы бір айда «гүлендік қозғалысқа» қатысы бар делінген елуден астам адам тұтқынға алынған. Түркіменстанның құқық қорғау органдарындағы дереккөз арнайы қызмет сәуір айының аяғында аймақтарда ірі рейд жүргізді дейді. 30 мамыр 2017, 10:21 2 565 рет қаралды
Ердоған Әділет және даму партиясының басшысы болып қайта сайланды Әлемде

Ердоған Әділет және даму партиясының басшысы болып қайта сайланды

Түркияның Әділет және даму партиясының мүшелері президент Режеп Ердоғанды партия басшысы етіп сайлады. Партия басшылығына жалғыз кандидат Ердоған бұл қызметте премьер-министр Бинали Йылдырымның орнын басты.  22 мамыр 2017, 10:45 2 591 рет қаралды
Түркияда ресейлік ұшқышты өлтірген әскери қызметкер 5 жылға сотталды Әлемде

Түркияда ресейлік ұшқышты өлтірген әскери қызметкер 5 жылға сотталды

Түркияда дала командирі, 2015 жылы ресейлік ұшқыштың өліміне жауапкершілікті мойнына алған Алыпарслан Челик бес жылға сотталды. Түркиялық Hurriet газетінің хабарлауынша, сот Челикті қару-жарақты заңсыз иеленді деген айыппен соттады. 22 мамыр 2017, 16:20 2 585 рет қаралды
The Washington Post . Гүлен Ердоғанды зорлықшыл радикалдарға қолдау көрсетті деп айыптады  Әлемде

The Washington Post . Гүлен Ердоғанды зорлықшыл радикалдарға қолдау көрсетті деп айыптады

Белгілі теолог, философ Ф. Гүленнің АҚШ-та және әлемде беделді газеттердің бірі «The Washington Post»-та «Түркияны тани алмай далмын» атты мақаласы шыққан. Мақалада Гүлен Түркияның қайтадан демократиялық жолға түсуі және радикализм, тоталитаризм жолынан бас тарту, дінді саясиландыру мәселелері айтылады. 19 мамыр 2017, 12:38 1 583 рет қаралды
Ердоған мен Трамп Ақ үйде кездесті Әлемде

Ердоған мен Трамп Ақ үйде кездесті

АҚШ президенті Дональд Трамп 16 мамырда Ақ үйде Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездесті. Кездесуден соң бірлесіп өткізген баспасөз конференциясында екі ел басшысы да негізінен терроризммен күрес туралы айтты. 17 мамыр 2017, 10:00 2 852 рет қаралды
Вашингтондағы түрік елшілігі қасындағы төбелес Әлемде

Вашингтондағы түрік елшілігі қасындағы төбелес

Ақ үйде мамырдың 16-сы күні АҚШ пен Түркия президенттері Дональд Трамп пен Режеп Ердоғанның кездесуінен кейін Вашингтондағы Түркия елшілігі алдында түрік президентінің күзетшілері мен күрд символикасын ұстап наразылық білдіруге келген топтың арасында төбелес шықты. Тоғыз адам зардап шегіп, екеуі ұсталды.  Бейнежазба 17 мамыр 2017, 16:15 4 073 рет қаралды
Ердоған: АҚШ-қа сапарым екі ел байланысындағы "жаңа кезеңге" айналады Әлемде

Ердоған: АҚШ-қа сапарым екі ел байланысындағы "жаңа кезеңге" айналады

Түркия президенті Режеп Ердоған АҚШ-қа алдағы сапары НАТО арқылы одақтас екі елдің қарым-қатынасындағы "жаңа кезең" болатынына сенім білдірді. Түркия АҚШ-тың Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен соғысып жатқан күрд жасақтарын ("Халықтық өзін-өзі қорғау отрядтары" немесе YPG) қаруландыру жоспарына наразы. Анкара YPG-ді террористік ұйым деп біледі. 12 мамыр 2017, 16:40 2 564 рет қаралды
БАҚ: АҚШ Сириядағы күрдтерді қаруландыратын болды Әлемде

БАҚ: АҚШ Сириядағы күрдтерді қаруландыратын болды

БАҚ-тың хабарлауынша, АҚШ Сириядағы басты оппозициялық күрд топтарына қару-жарақ жеткізетін болды. АҚШ пен Түркия президенттерінің кездесуіне бірнеше күн қалғанда қабылданған бұл шешім Анкараның ашуын келтіруі әбден мүмкін. Бірқатар агенттік АҚШ билігіндегі аты-жөнін атамаған дереккөзіне сілтеме жасап, Ақ үйдің 9 мамырда "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының Сириядағы орталығы - Ракка қаласы үшін шайқас алдында Күрдтердің халықтық қорғаныс құрылымы жасақтарын қаруландыруды мақұлдағанын хабарлады. Содырлардың орталығы саналатын Ракканы қазір оппозиция әскері қоршап тұр. 10 мамыр 2017, 11:14 2 623 рет қаралды
Түркия: АҚШ Сириядағы күрдтерді қолдаудан бас тартады деп үміттенеміз Әлемде

Түркия: АҚШ Сириядағы күрдтерді қолдаудан бас тартады деп үміттенеміз

Түркия АҚШ сириялық күрдтерді қолдауын доғарады деген үмітін білдірді. Түркия вице-премьері Нуреттин Чаникли бүгін Анкара "іргесінде Түркияның болашағына қауіп төндіретін террористік ұйымның болғанына төзе алмайтынын" және Вашингтонның дұрыс емес саясаттан бас тартады деп үміттенетінін мәлімдеді. 10 мамыр 2017, 16:37 2 399 рет қаралды
Путин Сочиде Ердоғанмен кездеседі Әлемде

Путин Сочиде Ердоғанмен кездеседі

Ресей президенті Владимир Путин 3 мамырда Сочиде Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездеседі. Кездесуде Сириядағы дағдарыс басты тақырыпқа айналады деген болжам бар. "Келіссөзде әрине, Сирия мәселесі талқыланады" деді Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Интерфакс" агенттігіне. 3 мамыр 2017, 15:41 2 895 рет қаралды
Түркияда «Гүленмен байланысы бар» деп ұсталғандар саны мыңнан асты Әлемде

Түркияда «Гүленмен байланысы бар» деп ұсталғандар саны мыңнан асты

Түркияда 26 сәуірде АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхулла Гүленмен байланысы бар деген күдікпен ұсталған полиция қызметкерінің саны 1 мыңнан асты. Түркия билігі Гүленді өткен жылы шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастырды деп айыптайды. 28 сәуір 2017, 10:15 2 225 рет қаралды
Түркияның сайлау кеңесі референдум нәтижесін жою талабын қабылдамады Әлемде

Түркияның сайлау кеңесі референдум нәтижесін жою талабын қабылдамады

Түркияның Жоғарғы сайлау кеңесі елдегі ірі оппозициялық партиялардың бірі - Халықтық республикалық партияның (ХРП) президенттің өкілетін кеңейтетін референдум қорытындысын жою туралы талап арызын қабылдамай тастады.  20 сәуір 2017, 10:30 3 013 рет қаралды
ЕҚЫҰ: Түркиядағы референдумда дауыс берушілер құқығы бұзылған Әлемде

ЕҚЫҰ: Түркиядағы референдумда дауыс берушілер құқығы бұзылған

Халықаралық сайлау бақылаушылары Түркиядағы президент билігін күшейткен референдумды сынға алды. Олар дауыс беру және санау процедурасы бұзылған деп есептейді. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.  18 сәуір 2017, 10:42 2 597 рет қаралды
Ердоған еуропалық бақылаушыларды сынады Әлемде

Ердоған еуропалық бақылаушыларды сынады

Түркия президенті Режеп Ердоған президент құзыретін күшейту жөніндегі референдумға қатысқан еуропалық бақылаушыларды қатаң сынады. ЕҚЫҰ мен Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясының (ЕКПА) өкілдері 17 сәуірде "расымен демократиялық дауыс беру өткізуге" құқықтық шарттардың жеткіліксіз болғанын" мәлімдеген. Бақылаушылар сонымен қатар үгіт-насихат кампаниясы "теңдей жағдайда жүргізілмегенін", ал бюллетеньдерді санау жұмысының "процедуралық өзгерістердің кешеуілдеп жасалғанына" байланысты бұзылғанын айтқан. 18 сәуір 2017, 12:05 1 682 рет қаралды
Ақ үй: Трамп Ердоғанды референдум нәтижесімен құттықтады Әлемде

Ақ үй: Трамп Ердоғанды референдум нәтижесімен құттықтады

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Ердоғанмен телефонмен сөйлесіп, оны өзінің құзыретін күшейтетін референдумда жеңгенімен құттықтады деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі. 18 сәуір 2017, 14:20 2 827 рет қаралды
Түркия референдумы президенттің өкілетін кеңейтуді мақұлдады Әлемде

Түркия референдумы президенттің өкілетін кеңейтуді мақұлдады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің қызмет өкілетін кеңейтіп, елді президенттік басқару жүйесіне көшіруге мүмкіндік беретін өзгертулерді конституцияға енгізуге қатысты жексенбіде өткізілген референдумде жеңіске жеткені туралы жариялады. Бюллетеньдердің 99 пайызы саналған сәттегі биліктің ақпараты бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 51,3 пайызы конституцияға өзгертулер енгізуді қолдаған. Түркия азаматтары жексенбідегі референдумде конституцияға енгізуге ұсынылған 18 өзгертуге қатысты пікірлерін білдірген еді. 17 сәуір 2017, 09:54 1 682 рет қаралды
Ердоған өлім жазасын қайтаруды «дереу» қолға алмақ   Әлемде

Ердоған өлім жазасын қайтаруды «дереу» қолға алмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған басқару формасын өзгертуге қатысты референдум аяқталғаннан кейін, өлім жазасын қайтару туралы тағы бір плебисцит өтуі мүмкіндігін мәлімдеді, деп жазды Лента.ру.  17 сәуір 2017, 11:59 1 886 рет қаралды
Түркияда күзде мерзімінен бұрын сайлау өтеді - ­саясаттанушы Кюршад Зорлу   Әлемде

Түркияда күзде мерзімінен бұрын сайлау өтеді - ­саясаттанушы Кюршад Зорлу

Кеше Түркияда елдің Конституциясына өзгерістер енгізу туралы референдум аяқталды. Сайлау учаскелері жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 17.00-де жабылды. Елдің Жоғары сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес, 32 шығыс өңіріндегі дауыс беру процесі 7.00-де басталып, 16.00-де аяқталды. Өзге өңірлерде дауыс беру 8.00-ден 17.00-ге дейін жүргізілді. Сайлаушылардың қатысуы 86,5 пайызды құрады - бұл Түркия тарихындағы  ең жоғары көрсеткіш. 17 сәуір 2017, 12:06 2 157 рет қаралды
Мысырдағы терактілерді жасаған кімдер? Әлемде

Мысырдағы терактілерді жасаған кімдер?

Жексенбі күні Мысырда жанкешті лаңкестер екі шіркеуде жарылыс жасады. «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісінің хабарлауынша, лаңкестердің аты-жөні Әбу Ысқақ әл-Масри және Әбу әл-Бараа әл-Масри екені анықталды. 11 сәуір 2017, 11:00 1 762 рет қаралды
Тиллерсон мен G7 министрлері Сириядағы жағдайды талқылайды Әлемде

Тиллерсон мен G7 министрлері Сириядағы жағдайды талқылайды

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Италияға экономикасы дамыған "Үлкен жетілік" елдері сыртқы істер минитрлерінің кездесуіне барды. Жиында Сириядағы дағдарыс талқыланбақ. Италия ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Тиллерсон мен өзге G7 елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін кезекті сессияға қатысып, 11 сәуір күні жергілікті уақыт бойынша Сириядағы жағдайды талқылау үшін арнайы кездесу өткізеді. 10 сәуір 2017, 12:19 2 554 рет қаралды
АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі: Асадтың сайлауға қайта түскенін қолдамаймыз Әлемде

АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі: Асадтың сайлауға қайта түскенін қолдамаймыз

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли Вашингтон Сирия президенті Башар Асадты "әскери қылмыс жасады" деп білетінін және оның Сирия басшысының сайлауына қайта түскеніне қарсы екенін мәлімдеді. 4 сәуір 2017, 10:48 2 322 рет қаралды
Анкара Сирияның солтүстігіндегі әскери операциясын аяқтады Әлемде

Анкара Сирияның солтүстігіндегі әскери операциясын аяқтады

Түркия Сирияның солтүстігіндегі "Евфрат қалқаны" деп аталатын әскери операциясын аяқтағанын хабарлады. Бірақ Анкара Сириядан әскерін шығару жоспары бар, я жоғын айтпады. Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым 29 наурызда операцияның "табысты аяқталғанын" мәлімдеді. Дегенмен ол жақын келешекте Сирияда жаңа операция жүргізу мүмкіндігін жоққа шығармады. 30 наурыз 2017, 11:29 2 091 рет қаралды
Сирия оппозициясы Астана келіссөзіне қатыспайтынын мәлімдеді Әлемде

Сирия оппозициясы Астана келіссөзіне қатыспайтынын мәлімдеді

Сирияның оппозициялық топтары бүгін - 14 наурызда Астанада басталуы тиіс Сирия бейбіт келіссөзінің кезекті жиынына қатыспайтынын мәлімдеді. Оппозиция Ресей мен Сирияның өткен жылы желтоқсанның соңында жасалған қақтығысты тоқтату туралы келісімді орындағысы келмейді деп айыптайды 14 наурыз 2017, 11:17 2 275 рет қаралды
Стамбулда акцияға қатысушы Нидерланд елшілігінің туын ауыстырды Әлемде

Стамбулда акцияға қатысушы Нидерланд елшілігінің туын ауыстырды

Стамбулдағы Нидерланд елшілігінің территориясына кеше наразылық акциясына қатысушы адам еніп, Нидерланд туын Түркияның туына ауыстырып қойды. 11 наурызда Нидерланд мен Түркия арасындағы шиеленістен елшілік "қауіпсіздік шараларына" байланысты уақытша жабылған. Елшілік пен нидерландылық дипломаттардың үйлерінің алдына полиция бекеттері қойылды. Осы шараларға қарамастан, наразы адам дипломатиялық өкілдіктің шатырына шығып алды. Ол туды ауыстырып, "Аллаху акбар" деп айқайлап, одан соң жасырынып қалды. Бірнеше минуттан соң Нидерланд туы орнына қайта орнатылды. 13 наурыз 2017, 10:00 1 837 рет қаралды
Түркия Венаны "жауапсыз қарым-қатынас" жасайды деп сынады Әлемде

Түркия Венаны "жауапсыз қарым-қатынас" жасайды деп сынады

Анкара Австрияны Түркияда президент Режеп Ердоғанның өкілеттігін күшейту жөніндегі референдум қарсаңында үгіт-насихат кампаниясына "жауапсыз қарады" және "қос стандартты ұстанады" деп сынады. Ердоған 16 сәуірге белгіленген референдум алдында Еуропа Одағының үлкен түрік диаспоралары тұратын бірнеше елінде үгіт-насихат кампаниясын өткізуді жоспарлап отыр. 28 ақпан 2017, 17:43 1 999 рет қаралды
Түркия парламенттік басқару жүйесінен президенттік билікке ауысуға дайындық үстінде  Әлемде

Түркия парламенттік басқару жүйесінен президенттік билікке ауысуға дайындық үстінде

Түркияда басқару жүйесін өзгертуді ұсынатын конституциялық реформа бойынша жалпыхалықтық референдум сәуір айының 16-сы күні өтеді. Алайда қазірдің өзінде елдегі барлық саяси партия мен қоғамдық ұйым мемлекеттік маңызы зор ауқымды шараға білек түріп кірісіп кетті. Конституцияға қандай өзгерістер енгізілмек және оған деген жергілікті халықтың пікірі қандай?  14 ақпан 2017, 11:11 4 325 рет қаралды
Сирияда ресейлік әуе шабуылынан үш түрік сарбазы қаза тапты Әлемде

Сирияда ресейлік әуе шабуылынан үш түрік сарбазы қаза тапты

Сирияда ресейлік әуе шабуылының нәтижесінде үш түрік сарбазы қаза тауып, 11-і жараланған. Түркияда жарық көретін Hurriyet Daily News газетінің хабарлауынша, оқиға Эль-Баб қаласында орын алған. Ресейлік снаряд түрік сарбаздары орналасқан үйге түскен. 10 ақпан 2017, 10:13 2 383 рет қаралды