Түркия үкіметі елдегі төтенше жағдайды тағы үш айға ұзарту туралы шешім қабылдады. Ұсыныс парламенттің мақұлдауына жіберілген.
Елдің вице-премьері Нуман Куртулмыштың хабарлауынша, төтенше жағдай 19 сәуірден бастап енгізіледі.
Айта кетейік, бұған дейінгі төтенше жағдай өткен жылдың жазында әскери төңкерістен кейін жарияланған болатын. Содан бері бірнеше рет ұзартылды. Сонымен қатар Ыстамбұл мен өзге де қалаларда референдум қорытындысына қарсы ереуілдер толастамай тұр.
Естеріңізде болса, елдің басты құжаты конституцияға өзгеріс енгізу туралы референдум жексенбі күні өтті. Нәтижесінде 51,5 пайызбен оны қолдағандар жеңіске жетті.
Дереккөз: 24 Хабар