Ильнур Чевик Түркия радиоларының біріне берген сұхбатында «Біз күрт әскери базаларында АҚШ әскерилері бар-жоғына көңіл аудармаймыз. Бір күні кездейсоқ Түркия зымырандары АҚШ әскерилерінің үстіне құлауы мүмкін» деген.
Бұдан бұрын түрік әскерилері Сүрия мен Иракта орналасқан Синжар және Карачох аумақтарын бомбылап, салдарынан Күртстан жұмысшылар партиясының 70 адамы көз жұмған болатын. Ал, АҚШ ресми Анкараның бұл ісін сынға алып, бомбылау барысында Түркия әскерилері қателесіп, Сүрия-Ирак шекарасындағы одақтастарын атқылаған деген еді.
Дереккөз: Qazaqtimes.com