Атырау, 21 желтоқсан 19:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Экология

Атырау бақ шаруашылығының ерекшелігі Экология

Атырау бақ шаруашылығының ерекшелігі

Облыс орталығын көгалдандыру жөніндегі билік тарапынан жасалған революциялық бағдарламалар қала тұрғындарының жүрегінен орын алыпты. Біздің сайтымыз уытты, бірақ қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын комментарийлерге толы. Баршасы да мамырдың мамыражай айында нәзік жасыл-желекті, жазда көлеңкелі көшелерді, қазан айы түскенде «табиғаттың салтанатпен солғанын» қалайды. Алайда осынау табиғат механизмі іске қосылу үшін оны қазір қолға алған жөн. Саяжайшыларда күзгі отырғызу кезеңінің қызған шағы. Сондықтан кәнігі көгалдандырушылардың кеңестерін назарларыңызға ұсынамыз. 27 қазан 2011, 17:43 7 968 рет қаралды
Ақбөкендердің орынын сипап қалмайық Экология

Ақбөкендердің орынын сипап қалмайық

Ресей мен Қазақстан ақбөкендерді сақтап қалуға үндеген келісім жобасын жасап шығарды. Құжатқа таяу уақытта РФ табиғат ресурстары мен экология министрлігі және ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі қол қоюы тиіс. 19 қазан 2011, 18:24 8 675 рет қаралды
Николай ФОМИН: «Бюджет қураған көшеттерден зиян шеккен жоқ» Экология

Николай ФОМИН: «Бюджет қураған көшеттерден зиян шеккен жоқ»

Бейбарыс (Әлиев-Сатыбалдиев) даңғылындағы көшеттердің шықпай қалуының  басты себебі неде? Көгалдандыру компаниясы жұмысқа жергілікті  тәжірибелі агрономдарды көзге ілместен, неге  алматылықтар мен кәрістерді тартып отыр? Біздің  «МұнайқұрылысСервис LTD» ЖШС директорының міндетін атқарушы Николай ФОМИНМЕН  (суретте) болған сұхбатымыз осы және басқа да сауалдар төңірегінде өрбіді.  7 шілде 2011, 00:36 3 752 рет қаралды
Нұғмановтар отбасының жасыл патшалығы Экология

Нұғмановтар отбасының жасыл патшалығы

Маусым басында облыстық табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасы Атырау тұрғындарының арасында үздік жасыл аула конкурсын өткізді. Бірінші орынды Геолог поселкесінің тұрғындары ерлі-зайыпты Айғаным мен Смағұл НҰҒМАНОВТАР иеленді. Мен оларды іздеп барған едім. 23 маусым 2011, 16:22 10 261 рет қаралды
М. Хакимов: «Каспийден айырылсақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді» Экология

М. Хакимов: «Каспийден айырылсақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді»

АМӨЗ басшылығының шақыртуымен мәслихаттың, баспасөздің және ҮЕҰ өкілдерінің бір  тобы Ульсан қаласындағы мұнайды терең өңдеу технологиясымен танысып қайтқан еді (дәл осындай өндірісті АМӨЗ-де жасақтау жоспарланған). 16 маусым 2011, 16:19 3 543 рет қаралды
Атырау шынымен де жасыл баққа айнала ма? Экология

Атырау шынымен де жасыл баққа айнала ма?

Корей ғалымдарының көгалдандыру жобасы әлі күнге дейін атыраулықтарды бей-жай қалдырып отырған жоқ. Редакцияға келіп пікір айтушылар көп. Олардың арасында мамандар да бар. Біз олардың өзіне сөз бергенді жөн көрдік. 16 маусым 2011, 16:50 11 141 рет қаралды
Бес шақырым жердегі “батпан құйрық” Экология

Бес шақырым жердегі “батпан құйрық”

Жақындай бергенде мұрныма келген иістен демперде алмақшы боп, ұмытып кеткенім есіме түсті. Бірақ бір таң қалғаным, бұл жерді шірінділердің жұпар иісін тұмшалаған ащы күйік иісі алып кеткен екен. Алайда менің сұхбаттасушым, осы кәсіпорынның басқа қызметкерлері секілді, іш жиған жоқ. 9 маусым 2011, 16:45 6 019 рет қаралды
Бағбан ата Экология

Бағбан ата

Қарабай ДАБЫСОВ өзінің 74-ті алқымдаған жасына қарамастан ісіне мығым,  шаруашылығын да дөңгелетіп отыр. Бүкіл ғұмырын облыстық ауылшаруашылығы басқармасында еңбек етуге арнаған, бүгінгі күні зейнеткерлікке жеткен Қарекең 1997 жылы Сарыөзек маңынан, халықаралық әуежай ауданынан 5 гектар жер алып, облыстың азық-түлік бағдарламасын орындауға атсалысты. 8 маусым 2011, 23:23 7 109 рет қаралды
«Доссор Процессинг Компани» директорының орынбасары: «Біздің құжаттарымыздың бәрі дұрыс» Экология

«Доссор Процессинг Компани» директорының орынбасары: «Біздің құжаттарымыздың бәрі дұрыс»

Күкіртке қатысты жанжал Астанаға да жетті. Өткен аптада «Каспий табиғаты» ҚБ жетекшісі Махамбет Хакімов «Ел бірлігі» ҚБ өкілдерімен бірігіп, ел астанасында Доссордағы күкірт терминалының проблемасы жөнінде баспасөз конференциясын өткізді. 19 мамыр 2011, 01:54 3 573 рет қаралды
Жұлдызқұрттардың жоғалуында гәп бар, немесе Атырауды метасеквойя құтқарады Экология

Жұлдызқұрттардың жоғалуында гәп бар, немесе Атырауды метасеквойя құтқарады

Атыраудағы көгалдандырудың кешенді бағдарламасы туралы мақала жарық көргеннен кейін («АЖ» №16,  21-сәуір 2011 ж. - «Көгалдандыру бағдарламасы түнгі ауаны тазарта ала ма?») редакцияға түрлі сұрақтар мен күмәнді ескертулер айтылған қоңыраулар көптеп соғылды. Жасыл-желекке малынған Атырау туралы арманға бей-жай қарағандар кемде-кем шығар. Алайда, көгалдандыру бағдарламасы авторларының пікірінше, бұл аз. Ең бастысы - әрекет ету қажет. 4 мамыр 2011, 16:32 6 362 рет қаралды
Фёдор Сараев: «Сахараға көзсіз ғашықпын» Экология

Фёдор Сараев: «Сахараға көзсіз ғашықпын»

…Мен шөпке қисая кеттім. Көз алдымда қарсақтың үш күшігі ойнап жүрді. Біреуі, шамасы ішіндегі әуесқұмары шығар, менімен танысқысы келді. Бүйірлеп, жайлап жылыстап, жақындап келеді. Біресе желге мұрнын көтереді, бiресе құлақтарын қысады, ал өзі сабырсыздықтан қыңсылап қояды. Ол үшін адам жаңа, жұмбақ құбылыс. Ал масалар, денемнің ашық жерлеріндегі әр саңылауға қонып алып, суаттан су ішкен түйе секілді, қанымды сорып жатыр... Мен болсам жануарды үркітіп алмайын деп, қозғалуға қорқып отырмын.  Мұның бәрі бос далбаса еді! – деп, саяхатшы бетіне түскен ақ шашын қағып жіберіп, сөзін жалғастырды. - Әлгі күшік менің кроссовкамды иіскелеп тұрды. Елестетіп көріңізші! Жап-жақын жерден! Сәттілік деп осыны айт! Мен тек «Зениттің» түймесін басып қана үлгердім... 3 ақпан 2011, 00:00 8 966 рет қаралды
Ірі табиғат пайдаланушыларының уәделері тағы қағаз жүзінде қалды   Экология

Ірі табиғат пайдаланушыларының уәделері тағы қағаз жүзінде қалды

Жуырда Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мұнайгаз саласындағы ірі жер пайдаланушыларға қатысты табиғатты қорғау және олардың ісіндегі заң бұзушылықтар  жөніндегі зерттеуін жария етті. Олардың арасында біздің облысымыздағы ТШО, North Caspian Operating Company, Қазтрансойл, АМӨЗ, Ембімұнайгаз компанияларымен қатар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ аттары аталады. Әрине, президент айтқандай мұнай мен газ біздің де шаруамыз емес, бірақ сол жердің ауасын жұтып отырғандар нақты жағдайдан хабары болуы керек деп санаймыз. 23 желтоқсан 2010, 00:00 10 908 рет қаралды