Атырау, 21 наурыз 21:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Барлық жаңалық

Ресей сенаторлары Украинаға бітімгершілік әскер кіргізуді ұсынды Әлемде

Ресей сенаторлары Украинаға бітімгершілік әскер кіргізуді ұсынды

"Ресей Федерациялық Кеңес мүшелері елді федерализациялауды жақтаушылар мен қазіргі билік арасындағы қақтығыс жалғасып жатқан Украинаның Донецскі облысына бітімгершілік әскерін кіргізуді ұсынды" деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы "Известияға" берген сұхбатында сенатор Валерий Шнякин мәлімдеген. Сондай-ақ ол бұл ұсыныстың 29-сәуірдегі Федарациялық Кеңестің отырысында қаралатынын айтқан. Сенатор "егер де жағдай бұдан да ушыға түсетін болса, бұл мәселе ертерек қаралуы мүмкін" дейді. 25 сәуір 2014, 10:41 2 204 рет қаралды
«Қолжетімді баспана» бағдарламасымен салынған үйге құрылысшылар басып кіріп алды Қазақстанда

«Қолжетімді баспана» бағдарламасымен салынған үйге құрылысшылар басып кіріп алды

Алматының Ақбұлақ ықшамауданында «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 2010 жылы салынып бітуі керек болған 9 қабатты үйдің барлық құжаттары – құрылысшылардың қолында! Бұл туралы 31.kz хабарлап отыр. 25 сәуір 2014, 09:25 2 359 рет қаралды
Діни өлең бала өмірін құтқарды Әлемде

Діни өлең бала өмірін құтқарды

АҚШ-тың Атланта қаласында 9 жасар баланы ұрлаған қылмыскер жарты жолда ойынан айнып, оны қайта босатты. Жәбірленуші Вилли Майриктің айтуынша, қарақшыны тәубесіне діни өлеңдер түсірген. Мектеп баласы жол бойы тоқтамай үш сағат көлемінде діни ән айтыпты. Алғашында ұрының жүйкесі тозып, ашу шақырса, біраздан кейін Құдайды мойындап, баланы босата салған. Әзірге күдікті ұсталған жоқ деп хабарлайды UPI. 25 сәуір 2014, 09:14 2 870 рет қаралды
Қаржы полициясы растайды: «Ауруханадан қашып кетті» Басқа жаңалықтар

Қаржы полициясы растайды: «Ауруханадан қашып кетті»

Бүгін, 24 сәуірде қаржы полициясы Исатай аудандық АІІБ бастығы Алтынбек ҚҰБАЙДУЛЛИННІҢ белгісіз бағытта бой тасалағаны жөнінде БАҚ үшін ақпарат таратты. Демек, «АЖ» жариялаған ақпарат расталып отыр («Ұсталған АІІБ бастығы ауруханадан қашып кетті»). 24 сәуір 2014, 17:59 3 566 рет қаралды
Алма деп жүрсем, жиде екен Басқа жаңалықтар

Алма деп жүрсем, жиде екен

Саяжайлар мен үй ауласына көктемгі көшет отырғызу науқаны қызып жатыр. Атырау базарларынан жергілікті және басқа жерлерден келген адал көшет сатушылармен бірге жалған шыбықтар сатып жүрген алаяқтар да көрініп қалуда. Сатып алынған шыбық – ұзақ мерзімге алынған дүние. Ол жеміс беру үшін бірнеше жыл еңбек сіңіруің керек. Ал егер сіз базардан алған алма терегіңіз жабайы бір талға айналса, қандай күйде болар едіңіз? 24 сәуір 2014, 17:54 6 257 рет қаралды
Жол ережесін бұзған "комитетчиктің" кім екені анықталды Қазақстанда

Жол ережесін бұзған "комитетчиктің" кім екені анықталды

Алматыда жолдың қарсы бағытына шығып алып, өзін ұлттық қауіпсіздік қызметкері ретінде дөрекі таныстырған адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 24 сәуір 2014, 16:15 1 713 рет қаралды
Ташкенттегі бизнес-орталықта жарылыс болды Әлемде

Ташкенттегі бизнес-орталықта жарылыс болды

Ташкенттегі "Лабзак" бизнес-орталығында жарылыс орын алып, төрт адам жараланды. Олар түрлі дәрежедегі күйіктермен ауруханаға жеткізілген. Uznews.net порталы болса жараланғандар санының әлдеқайда көп екенін жазып отыр. "Бірінші қабаттың өзінде 6-7 адам жарақат алған. Олардың үсті қан, естерінен адасып қалған еді" деп жазады аталған портал. 24 сәуір 2014, 15:30 1 907 рет қаралды
Қазақстандықтың шағымымен Жириновскийге қатысты тексеру жүргізіледі Қазақстанда

Қазақстандықтың шағымымен Жириновскийге қатысты тексеру жүргізіледі

Қазақстандық заңгердің шағымы бойынша Ресейдің Тергеу комитеті Владимир Жириновскийге қатысты тексеру жүргізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі құқық қорғаушы Асқар Қаймақовтың өзіне сілтеме жасап. 24 сәуір 2014, 14:19 1 829 рет қаралды
«Ан-72» ісі бойынша айыпталушы: Сот отырысында мен емес, шын айыптылар жауап беруі тиіс Қазақстанда

«Ан-72» ісі бойынша айыпталушы: Сот отырысында мен емес, шын айыптылар жауап беруі тиіс

Бүгін Шымкент қаласы Абай аудандық сотында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Ан-72 әскери ұшағының апатқа ұшырау дерегі бойынша сот отырысындағы жарыссөзде айыпталушы Қанат Ақылбековтің үкім шығар алдындағы соңғы сөзі тыңдалды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 24 сәуір 2014, 14:17 2 645 рет қаралды
Қамыс арасындағы қақтығыс (Фото, Видео) Басқа жаңалықтар

Қамыс арасындағы қақтығыс (Фото, Видео)

Қазақстан әскері «Ақжайық» резерватының аумағына басып кірді 22 сәуірге қараған түні ҚР ҰҚК-нің 2016 әскери бөлімінің автоматтармен қаруланған «Еуразия» заставасының шекара жасағы мемлекеттік «Ақжайық» табиғи резерватына кірер ауыздағы шлагбаумды бұзып, резерват аумағына кірді. Резерват қызметкерлері бұл фактіні заңсыз басып кіру деп бағалап отыр, ал шекарашылар опоненттердің әрекетін «мемлекеттік шекараны қорғауға қасақана кедергі келтіру»  деп атауда. 24 сәуір 2014, 00:00 6 830 рет қаралды
Балық базарындағы қарбалас Басқа жаңалықтар

Балық базарындағы қарбалас

Қадағалаушы органдар базарлардағы балық сатушылардан тауардың сату орындарына заңды жолмен келгенін дәлелдеуді талап етуде. Мұндай дәлел ретінде сатушы мен өндірістік кооператив арасында жасалған шарт жүре алады. Алайда, балықшылар шарт жасасуға асығар емес. 24 сәуір 2014, 00:00 4 377 рет қаралды
«Қол соғудың қажеті жоқ» Басқа жаңалықтар

«Қол соғудың қажеті жоқ»

Атырау облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағында бизнесмендер бақылаушы органдардың өкілдерімен президент енгізген шағын және орта бизнесті тексеру мораторийіне арналған кездесу өткізді. 24 сәуір 2014, 00:00 2 441 рет қаралды
Иммундау аптасы жүріп жатыр Басқа жаңалықтар

Иммундау аптасы жүріп жатыр

22-26 сәуір аралығында облысымызда Еуропалық иммундау апталығы өткізілуде.  - Осы апта ішінде полиомиелит, қызылша, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, туберкулездің ауыр түрлері, «В» гепатиті, қызамық, туа біткен қызамық синдромы, эпидемиялық паротит, гемофильдік инфекция және т.б. көптеген инфекциялардан қорғау үшін вакцинациялау жүргізіледі 24 сәуір 2014, 00:00 3 690 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Атырауда ҚІІБ қызметкерлері Мақат ауданы орталығының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Сәуірдің 22-не қараған түні Жанбай шекаралық заставасының учаскесінде 2016 ә/б шекара жасағы бір жарым келі қара уылдырық салынған полиэтилен пакетімен 36 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. 24 сәуір 2014, 00:00 2 391 рет қаралды
Қалдық судан қауіп бар Басқа жаңалықтар

Қалдық судан қауіп бар

Жылыой ауданына қарасты Жаңа Қаратон ауылының тұрғындары дабыл қағуда - ауылдағы кәріз жүйелерінің істен шығып, қалдық судың далаға ағып жатқанына бір айдан асып барады. Олар мұның арты эпидемияның таралуына алып келіп жүре ме деп қауіптенеді. 24 сәуір 2014, 00:00 3 623 рет қаралды
«Тұрғындар төлемақы төлемеуде» Басқа жаңалықтар

«Тұрғындар төлемақы төлемеуде»

«АЖ»-ның 3.04.2014 күнгі №15 санында каналдардың құрғауынан малын суара алмай отырған Исатай ауданы Зинеден ауылы тұрғындарының мәселелері жөніндегі «Каналдар құрғап жатыр» атты мақала жарияланған болатын. Біздің жарияланымымызға орай «ҚазСуШар» РМК-ның Атырау филиалының директоры Асылан РЫСЖАНОВ былай деп жауап берді: 24 сәуір 2014, 00:00 2 784 рет қаралды
Ошағаннан қалай ақша жасауға болады? Басқа жаңалықтар

Ошағаннан қалай ақша жасауға болады?

Құрманғазы ауданындағы «Бақыт» шаруа қожалығының қожайыны Рашид ҚАБДЕШЕВ (суретте)  малды бордақылауға арналған дәруменді шөп түйіршігін, отын түйіршігін және жиһаз дайындау үшін ағашты-полимерлі композит өндіретін цех ашуды қарастыратын бизнес жобасын әзірлеген. Ол шикізат ретінде ауданда он мыңдаған гектарды алып жатқан қамыс пен ошаған бұталарын қолдануды ұсынып отыр. Кәсіпкер өзіне қаржылық қолдау көрсетер инвесторлар іздейді. 24 сәуір 2014, 00:00 10 313 рет қаралды