Атырау, 28 қараша 04:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мәскеуде тәжік бизнесменін атып кетті

1 680 просмотра
Мәскеуде танымал тәжік бизнесмені және спортшы Шухрат Яхшимурадовты белгісіз біреулер өлтіріп кетті.

Тәжікстан ақпарат құралдарының хабарлауынша, белгісіз адам бизнесменді 22 сәуір күні Мәскеудегі үйінің жанында атып кеткен.

47 жастағы Шухрат Яхшимурадов польшалық Fair Play International компаниясының бас менеджері болған. Мұның алдында мұнай және түсті металл өндіріп, өңдеумен айналысатын "Тадж-Ал" концернінің вице-президенті қызметін атқарған.

1995 жылы Яхшимурадов Мәскеуде "екі адамның өліміне қатысы бар" деген күдікпен тұтқындалған еді. Бірақ кейін ол айып алып тасталынып, қамаудан босатылды. Бизнесмен сол кезде тәжік оппозициясын қаржыландырып жүргендіктен, кейбір сарапшылар оған "айып саяси мақсатта тағылды" деген.

Шухрат Яхшимурадов Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымымен және "Ага Хан" қорымен жұмыс істескен.

Яхшимурадов шығыс жекпе жек түрлері - каратэ, таэквандо және кикбоксингпен де айналысып, жақсы жетістіктерге жеткен.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
24 сәуір 2014, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.