26 сәуір күні сағат 11.00-де Атырау қаласында кез келген адам қатыса алатын бұқаралық веосипед шеруі өтеді.
Ұйымдастырушы, урбанистер қоғамының мүшесі Нұрлан ЕСМҰХАНОВТЫҢ айтуынша, шеру облыстық әкімдіктің алдынан басталып, сол жерде аяқталады.
- Велосипеді жоқтарға да жағдай жасалған – оны алаңнан жалға алуға болады, біз жалға берушілермен келісімге келдік. Маршруттың ұзындығы – 15 шақырым, жол-патрульдік қызметтің жол бастауымен жүретін боламыз, - дейді ол. – Келесідей маршрутпен жүреміз: Сәтпаев даңғылы – Владимирск көшесі – Жилгордок көпірі – Азаттық даңғылы – Махамбет көшесі – Баймұханов-Мечников көпірі – Молдағұлова көшесі – Құлманов көшесі – облыс әкімдігінің алдындағы алаң. Өткен жылдың қазан айында біз осындай велошеру өткізген едік, ол кезде шеруге 200-ге жуық қатысушы жиналды. Акциямыздың мақсаты – қала велосипедшілеріне қауіпсіз маршруттарды көрсету, сондай-ақ қала басшылығына бізде велоәуесқойлардың көп екенін, бізбен де санасу керек екендігін дәлелдеу. Билік тарапынын тиісті қолдау болса, біз Атырауды велосипед және жаяу жүргінші инфрақұрылымы дамыған қала ете аламыз.
Анастасия ПАСТУХОВА
«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ
Әлеуметтік желілерде құрылған урбанистер қауымдастығы мүшелері түрлі салада жұмыс жасайды және елдіміздің түрлі қалаларында тұрады. Қауымдастықтың негізін оралдық Тина БАЙНАКОВА қалады, ол қазір Мәскеуде, Ресейдің озық университеттерінің бірінде урбанистиканы оқып жатыр. Ол белсенді пысық жастардың басын біріктіріп, қалалардың жағдайын жақсарту бойынша бірлесе жұмыс жасау идеясын насихаттап жүр. Нұрлан Есмұханов қоғамдастықта атыраулық велосипед әуесқойларының мүддесін қорғайды.