Атырау, 25 қараша 04:50
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жол ережесін бұзған "комитетчиктің" кім екені анықталды

1 606 просмотра

Алматыда жолдың қарсы бағытына шығып алып, өзін ұлттық қауіпсіздік қызметкері ретінде дөрекі таныстырған адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, өзін "комитетчикпін" деп таныстырған жүргізушінің аты-жөні анықталды. Тексеру барысында автокөлік иесі Әбдірахманов Қуат Маратұлының "Кар-тел" ЖШС жұмысшысы екені және оның ұлттық қауіпсіздік органдарына еш қатысы жоқ екені белгілі болды", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта оқиғаның жай-жапсарын Алматы қаласы ішкі істер департаментінің мамандары тексеріп жатыр. Еске салайық, A676FAP деген нөмірі бар Toyota Camry жүргізушісінің жолдың қарсы бетіне емін-еркін шығып алғаны түсірілген бейнежазба ғаламторға орналастырылған болатын. Өзінің ереже бұзғанын байқап қалып, өтіп кетуіне жол бермеген көлік жүргізушісіне ол балағат сөздер айтып, сес көрсетті, қарсы бағытпен жүруіне кедергі болмауды ескертіп, өзінің "комитетчик" екенін айтты.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 сәуір 2014, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.