Атырау, 20 наурыз 18:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63

Үкімет AZAL ұшағы апатының себептері қашан жарияланатынын айтты

93 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қазақстан жабдық өндірушілерден AZAL бортының апатқа ұшырауының техникалық себептерін тергеуге қажетті сараптама нәтижелерін алды. Бұл туралы журналистерге Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тергеу қорытындысын шығару процесі жалғасып жатыр. Қазақстан GPS-трекерлерді, навигациялық жабдықтарды дайындаушылардан, сондай-ақ әуе кемесін шығарған зауыттан тиісті қорытындыларды алған.

Бозымбаев атап өткендей, қазір бұл материалдар комиссия мүшелерімен бірлесіп қарастырылып жатыр. Тергеуге Қазақстан, Әзербайжан және Ресей сарапшылары, сонымен қатар Embraer компаниясы мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) өкілдері қатысуда.

Вице-премьер халықаралық стандарттарға сәйкес, Қазақстан тергеудің техникалық бөлімін алдағы бірнеше ай ішінде аяқтауы тиіс екенін нақтылады. Оның сөзінше, әңгіме дәл осы апаттың техникалық себептерін анықтау туралы болып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Баку – Грозный рейсін орындаған AZAL жолаушылар ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстанның Ақтау қаласына жақын маңда апатқа ұшыраған болатын. Бортта 67 адам болған, оның 38-і қаза тауып, 29-ы аман қалды.

Бүгін, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.