Шнякиннің сөзіне қарағанда, бітімгершілік күштерді кіргізуді Ресей, АҚШ, Еуродақ және Украина келісе отырып шешуі тиіс. Сондай-ақ, сенатор "Украинадағы президент сайлауы жақындаған сайын елдегі жағдай одан әрі ушыға түсетін сияқты, ал, ол өлгендер мен жараланғандар санының артуына әкеліп соқтырады" деп ескертті.
Сонымен қатар, бейсенбі күні Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин Украина аумағында Ресей қарулы күштерін пайдалану мүмкін екендігін айтты. Оның сөзіне қарағанда, егер Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай одан әрі нашарласа, мұндай сценарий жүзеге асатын болады.
"Россия 1" телеарнасындағы "Воскресный вечер с Владимиром Соловьевым" бағдарламасы барысында "мұндай мүмкіндік біздің қолымызда әркез дайын. Әрине біз олай болмағанын қалаймыз" деп атап өтті дипломат. Сондай-ақ, ол, егер Украинаның оңтүстік-шығысындағы зорлық-зомбылық тыйылмайтын болса, онда Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын шақыратынын жеткізді.
Чуркин, "Ресей, қажет болған жағдайда, халықаралық құқықтық негізінде Украинаға бітімгершілік күштерді кіргізе алады" деп мәлімдеді. Десе де ол, мұндай жағдайдың болу ықтималдығы төмен екенін айтады.
Естеріңізге салса кетсек, 24-сәуірде Украинаның күш құрылымдары Славянскі (Донецскі облысы) маңында арнайы операцияны қайта жалғастырған болатын. Түрлі дерек көздерінің мәліметінше, бронетехника қолданылған арнайы операция барысында бестен жетіге дейін адам шығыны болған. Соған жауап ретінде Ресей армиясы Украинаның оңтүстік-шығыс аумағымен шекара маңында әскери оқу-жаттығуды бастады.
Дереккөз: tengrinews.kz