22-26 сәуір аралығында облысымызда Еуропалық иммундау апталығы өткізілуде.
- Осы апта ішінде полиомиелит, қызылша, дифтерия, сіреспе, көкжөтел, туберкулездің ауыр түрлері, «В» гепатиті, қызамық, туа біткен қызамық синдромы, эпидемиялық паротит, гемофильдік инфекция және т.б. көптеген инфекциялардан қорғау үшін вакцинациялау жүргізіледі, - дейді Облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Арайлым СӘРСЕНҒАЛИЕВА.
Еуропалық иммундау апталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Қазақстанда 2007 жылдан бері өткізіліп келеді.
22-26 сәуір аралығында облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінде иммунопрофилактика бойынша кез келген сауалдарға 32-18-50 «шұғыл желі» телефоны арқылы жауап алуға болады.
Айнұр САПАРОВА