
Полицияның үнсіздігіне қарамастан, «АЖ» редакциясы телефон арқылы жасалған жалған терроризм хабарламаларын тергеу барысы туралы шындықты анықтауға мүмкіндік алды.
XXI ғасыр басталғалы Қазақстанда телефон арқылы жасалған жалған терроризм әрекеттері көбейген. Қылмыскерлер көбінесе транспорт инфрақұрылымын: әуежайлар, теміржол және авто вокзалдар, пойыздар мен ұшақтарды «миналайды». Сондай-ақ оқу орындары, сауда орталықтары және көпшілік жиналатын басқа орындар да назардан тыс қалмайды.
Телефон арқылы жасалған терроризмнің себептері, ашық деректерді талдау көрсеткендей, әртүрл: кейде бұл қарапайым бұзақылық, кейде оқушылардың сабақты болдырмау ниеті ғана. Қылмыскерлер арасында психикасы тұрақсыз немесе мас адамдар да кездеседі. Психологтар телефонмен терроризмді жасайтындар – өз маңыздылығын көрсетуге және бір нәрсеге әсер етуге тырысатын адамдар екенін айтады. Олар қоңыраудан кейін орын алған дүрбелеңді, эвакуацияның басталуын, объектілердің жұмысын тоқтатуын бақылап ләззат алады.
Егер еске алсақ, Атыраудың қылмыстық тарихында мұндай оқиға алғаш 2001 жылы тіркелген. Сол кезде біреу орталық қалалық көпірдің астына «жарылғыш машина» қойылған деп хабарлаған. Қаланың ортасында дүрбелең туып, көпір жабылып, барлық транспорт қозғалысы тоқтаған, нәтижесінде облыс орталығы толық кептеліске ұшыраған. Сол алғашқы қылмыс ашылмай қалған, полиция тек қана қоңыраудың көшедегі телефон-автоматтан жасалғанын анықтай алған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес, терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін 5 мың АЕК-ке дейін (шамамен 21,6 млн теңге) айыппұлдан бастап және бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады, ал кәмелетке толмағандардың ата-аналары тәрбие міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Сонымен бірге, әрбір терроризм актісі туралы хабарлама бойынша барлық шұғыл қызметтер іске қосылады. Жоқ жарылғыш құрылғыны іздеу үшін үлкен күш пен ресурстар жұмсалады: жолдар жабылады, адамдар эвакуацияланады, коммуналдық қызметтер, төтенше жағдайлар, медицина қызметі, жарылыс техниктері және кинологтар жұмыс істейді, әуе рейстері тоқтатылады немесе кешіктіріледі. Осындай операцияларға кеткен шығындар мен залалдар көбінесе миллиондаған теңгеге жетіп, кейін сот арқылы жауапкерлерден өндіріліп алынады.
Телефон арқылы жасалған жалған терроризм фактілерінің бәрі көпшілікке жария болмайды. Көбінесе куәгерлер көп болған кезде ғана жария болуға мәжбүр оқиғалар белгілі болады. Мысалы, өткен жылдың басында Атырауда №3 мектепте сабақ тоқтатылып, ал қарашада Infinity Mall сауда орталығына «мина қойылды» деп хабарланған. Екі жағдайда да алдын ала тергеу әлі жалғасып жатыр, – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, жақында Құлсары қаласындағы мектепке жарылғыш құрылғысы қойылды деген хабарламасы үшін 35 жастағы ер адам нақты 2,6 жылға сотталғанын атап өтті.
Бі қызығы, мақаланы дайындау кезінде «АЖ» редакциясы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттің тарапынан түсініксіз қарсылыққа тап болды: ол ресми сұрауларға жауап беруден үздіксіз бас тартты. Әсіресе қылмысты ашу статистикасына қатысты толық ақпарат алу мүмкін болмады. 2025 жылдың желтоқсанынан бері үш сұрау жіберілгенімен, кейбір сұрақтарға толық жауап әлі алынбады.
Дегенмен, Қазақстан Республикасының «Баспа және бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңын сақтайтын және полиция сияқты ақпараттан қашпайтын басқа ведомстволар да бар. Полицияның баспасөз қызметінің «үнсіз қалуының» себебі ашылған істердің нақты санын жариялаудан қашуы болуы мүмкін.
Республикалық Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облыстық департаменті мәліметі бойынша, 2020–2025 жылдар аралығында Атырау облысында Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша 42 қылмыс тіркелген. Олардың тек 12-сі ғана ашылып, сотқа жолданған, ал бір қылмыс ақтау себептері бойынша тоқтатылған.
Көрсеткіштер соңғы екі жылда облыста телефон арқылы жасалған жалған терроризмнің көбейгенін растайды: 2023 жылы төрт қылмыстың тек біреуі ашылған, 2024 жылы он қылмыстың бәрі ашылмаған, ал 2025 жылы 14 қылмыстың тек екеуі ғана ашылған.
Міне, жағдай осындай…
Лев ГУЗИКОВ
В Атырау -10