Атырау, 25 қараша 04:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ан-72» ісі бойынша айыпталушы: Сот отырысында мен емес, шын айыптылар жауап беруі тиіс

2 480 просмотра
Бүгін Шымкент қаласы Абай аудандық сотында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Ан-72 әскери ұшағының апатқа ұшырау дерегі бойынша сот отырысындағы жарыссөзде айыпталушы Қанат Ақылбековтің үкім шығар алдындағы соңғы сөзі тыңдалды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 

 ҚР Қылмыстық Кодексінің 295-бабы 3-бөлігімен үстінен іс қозғалған Қанат Ақылбеков сот отырысындағы жарыссөзде өзіне тағылған айыппен мүлде келіспейтінін, мойындамайтынын мәлім етті. Сонымен бірге тағылған айыптың заңсыз екенін, судьядан оны алып тастауын сұрады.

«Сот отырысында мен емес, шын айыптылар жауап беруі керек еді. Бірақ, неге екені белгісіз, тергеушілер жұмған аузын ашпай отыр. Ал мен өз міндетімді орындағаным үшін айыпты болып отырмын. Мені ұшақты тығырыққа тіреліп тұрған кезде көп уақыт әуеде ұстап тұрды деп айыптауда. Құрметті судья, барлық дәлелдерді алға тарта отырып, маған тағылған айыпты алып тастауыңызды сұраймын», − деді Қанат Ақылбеков.

Ал айыпталушының қорғаушысы Балтықовтың айтуынша, «Қанат Ақылбековтың бар айыбы экипаж мүшелерімен сөйлескен соңғы адам болғандығында».

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Бас прокуратурасының тергеу тобы Қанат Ақылбековке қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Ол 2012 жылдың 25 желтоқсанында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Ан-72 ұшағының апатқа ұшырауына кінәлі деп айыпталуда. Ұшақ бортында болған 27 адамның бәрі оқиға кезінде қайтыс болды. Олардың 20-сы - әскери қызметкер, 7-еуі - экипаж мүшелері болатын. Қайтыс болғандардың ішінде Шекара қызметі басшысының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков пен оның әйелі және Шекара қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары болды. Әскери ұшақ Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы аумағына құлаған болатын.

Дереккөз: bnews.kz

 

24 сәуір 2014, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.