Атырау, 1 қараша 15:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +7
$ 488.26
€ 530.54
₽ 5.03

Барлық жаңалықтар

Қоянжырық қайдан пайда болады? Қоғам

Қоянжырық қайдан пайда болады?

Облыста іштей туа біткен ерін, қызыл иек, қатты және жұмсақ таңдай жарығымен туылған балалар саны соңғы мәлімет бойынша 172-ге жетіпті. Халық арасында ондай белгілерді «қоянжырық» және «қасқыр ауыз» деп атайтыны аян. Алайда, қаламыздағы бас балалар стоматологы Таласбай ОРАЗБАЕВ «осындай аномальді даму белгісін олай атауға мүлдем болмайды, бұл ота жасатып, оңалып шыққан балалардың және олардың аналарының жанын қайта жаралайды» дейді. Ал облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВАНЫҢ айтуынша, мұндай іштей туа біткен ақауларды нәресте жарық дүниеге келмей тұрып УЗИ-дің көмегімен алдын алуға болады екен. Қалай дейсіз ғой? Жүкті әйелдерге түсік жасатуға ұсыныс беру арқылы.  18 ақпан 2011, 00:00 28 733 просмотра
Магниттік дауылдың әсері Басқа жаңалықтар

Магниттік дауылдың әсері

«АЖ»-ға Қазақстан Республикасының ионосфера институтының қызметкері Ирина ЦЕПАКИНА хабарлағандай, спутник күн бетінен орташа және үлкен қуаттылықтағы жарқылдар тізбегін тіркеген. Бұл Х класына жатады – мұндай құбылыс соңғы рет 2006 жылдың желтоқсан айында байқалыпты.  17 ақпан 2011, 00:00 14 183 просмотра
Экономика

Айлықтың «айласын» асырғандар

Атырау облыстық статистика басқармасының мәліметтері бойынша, 2010 жылы желтоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық номиналдық еңбекақы 164 035 теңгеге тең болған. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де осы. 2009 жылдың желтоқсанындағы өсім 12,2 пайызды құраған. 17 ақпан 2011, 00:00 2 930 просмотра
«Өнеркәсіп өнімінің көлемі» триллионға жетті Экономика

«Өнеркәсіп өнімінің көлемі» триллионға жетті

Кеше Атырау облысының әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ облыс активінің алдында өткен жылдағы атқарылған істердің есебін беріп, ағымдағы жылдың міндеттерін белгіледі. Баяндаманың негізгі желісі мынадай еді: «Қалауын тапса, қар жанар». Өткен жылғы есеп берулерге қарағанда, бұл жолы «Атырау» мәдени орталығының ғимаратында полицейлер жасағы болған жоқ,  екі полицейден басқа сұлбаларына қарағанда, төменгі шенді  шенеуніктерге ұқсамайтын  штаттық киім киген екі ер адам ғана болды. Б.Рысқалиев  мәлімдегендей, оның бұйрығы бойынша көшеге микрофон орнатылған болып шықты, залға кіре алмаған жұртшылық өкілдері оған өздерін толғандыратын сұрақтарын қоя алады екен. 17 ақпан 2011, 00:00 3 487 просмотра
«ЖКХ» және суға батқан жертөле Қоғам

«ЖКХ» және суға батқан жертөле

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен әйгілі академик Зейнолла Қабдолов атындағы Кітап үйі орналасқан ғимараттың жертөлесі ыстық суға толған. Бөлім қызметкерлері мен келушілер сасық иісті бумен уланып қана қоймай, миллион теңгеден астам сомадағы кітап басылымдары тауарлық бейнесін жоғалтуы мүмкін. 17 ақпан 2011, 00:00 4 633 просмотра
Қоғам

Жаңа жүйемен жылытылатын нысандар мекен-жайы белгіленді

Естеріңізде болса,  биылдан бастап бүкіл республика бойынша автоматтандырылған жылыту пунктерін қондыру жобасының енгізілетіні жайлы газет бетінде жарияланған болатын («ЖС», №4, 27-қаңтар, 2011ж. «Жылуды үнемдеу жолдары табылды»). Бүгінде олардың Атырау қаласында қандай нысандарда қойылатыны анықталып отыр. 17 ақпан 2011, 00:00 3 650 просмотра
Ақбота КЕРІМБЕК: «Үмітімді ешқашан үзген емеспін» Мәдениет

Ақбота КЕРІМБЕК: «Үмітімді ешқашан үзген емеспін»

Ақпанның 11-сі күні Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық қазақ драма театрында елімізге танымал эстрада әншісі Ақбота КЕРІМБЕК жеке шығармашылық концертін берген еді. «АЖ» тілшісі осы сәтті пайдаланып, ән әлемінде өзіндік орны бар өнер өкілін әңгімеге тартқан болатын. Олай болса, әуелі «Аппақ гүлдер», кейін «Қош, махаббат», қазір «Келем деші» дейтін хит әндерімен өз тыңдармандар аудиториясын қалыптастыра алған әншімен болған сыр-сұхбатқа үңіліңіз.  17 ақпан 2011, 00:00 6 606 просмотра
Домбыраның дүлдүлі Мәдениет

Домбыраның дүлдүлі

Осындай атаумен өткен аптада Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде күй қағаны Рыспай Ғабдиевтің 75 жас мерейтойына арналған концерт өтті. Кезінде өзі жетекшілік еткен Дина Нұрпейісова атындағы академиялық ұлт-аспаптар оркестрі ҚР мәдениет қайраткері Талғат Қамалиденовтың дирижерлығымен «Тойбастар» шығармасын орындап, кештің шымылдығын ашты. 17 ақпан 2011, 00:00 11 548 просмотра
Шетелдіктер Қазақстан суретшілерімен танысты Мәдениет

Шетелдіктер Қазақстан суретшілерімен танысты

Ақпанның 12-сі күні Шаймардан Сариев атындағы облыстық көркемсурет және қолданбалы өнер музейінде республикамызға танымал суретшілердің көрмесі өткізілді. «Тәуелсіздік – тәңірдің берген сыйы» деп аталған көрмеге музей қорындағы 33 суретшінің 73 туындысы қойылыпты. 17 ақпан 2011, 00:00 7 261 просмотра
Қоғам

Кооперативтердің орнына басқарушы компаниялар келеді

Биылғы жылы ПИК-терге үйлерді пайдалану қызметін көрсететін басқарушы компаниялар көмекке келмек. Жазға таман қаладағы отыз шақты көпқабатты үйлер таңдалынады, оларды тәжірибе аясында басқарушы компаниялар ретке келтіруі тиіс. Жөндеуге жұмсалатын ақшаны несиеге алмақшы. Оны кейін тұрғындар төлейтін болады. 17 ақпан 2011, 00:00 2 820 просмотра
Балабақшадан үмітті әлі жеті мың бала бар Қоғам

Балабақшадан үмітті әлі жеті мың бала бар

2010 жылы Қазақстанда «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балалар үшін 88,5 мың орын дайын болды, осылайша, балабақшамен қамту 41,6%құрады. Бұл мәліметтерді ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің алқа мәжілісінде министр Бақытжан Жұмағұлов жария етті. Оның баяндамасында Атырау облысы мектепке дейінгі мекемелерде балаларды орынмен қамту жоспарын толығымен орындады деп атап өтілді. 17 ақпан 2011, 00:00 4 404 просмотра
Қар күреген арулар Қоғам

Қар күреген арулар

Сейсенбі күнгі төпете жауған қар көше тазалаушылар үшін уайым бола қойған жоқ. «Әрине, ол ауыр жұмыс, оның үстіне оған күннің күрт суытуы дөп келді. Қолдың бұлшық еттері де сырқырайды,-дейді күректің сабына шынтақтай сүйенген, керемет әдемі Лала есімі бар қарақалпақ қызы. – Бірақ, наурыз айының басында негізгі еңбекақымызға осы қар жауған күндердегі еңбегіміз үшін сыйақы беретіндігі есіме түскенде көңілім шаттанғандай болады». 17 ақпан 2011, 00:00 4 462 просмотра
Бүлдіршін екпеден соң көз жұмды Қоғам

Бүлдіршін екпеден соң көз жұмды

Мақат аудандық сотының тәжірибесінде алғаш рет медицина қызметкеріне қатысты бас бостандығынан айыру жөніндегі үкім шығарылды. Фельдшер М.Айтуаров бір жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. 17 ақпан 2011, 00:00 6 957 просмотра
Сахна сыртындағы шебер Мәдениет

Сахна сыртындағы шебер

Көрермен үшін театр киім ілгіштен басталады, ал актер үшін грим жасау бөлмесінен басталатын шығар. Махамбет атындағы облыстық драма театрының қуыс-қуыс түкпірінде орналасқан осы бөлмедегі төрт трюмоның алдында актерлар қалпақтарын киіп, сақал-мұрттар жапсырып, әбігерге түскен. Қыздар жағы сәнді шаштарына жасанды ұзын бұрымдарын өрсе, ал беттеріне грим жасалған басқалары ешкімге көңіл аудармастан домбыраларын дыңғырлатып жатыр. 17 ақпан 2011, 00:00 9 788 просмотра
Өркениеттен тыс тіршілік Қоғам

Өркениеттен тыс тіршілік

Ақпан айы нағыз қыс екенін танытты. Қалада жаңбыр жауса, ал далалық ақ көрпеге оранып жатты. Осындай мазасыз күндері қыстақтардағы шаруалардың жағдайы не болып жатыр деген қызығушылықпен Индер ауданы Елтай селосының қырлығына шыққанбыз. 17 ақпан 2011, 00:00 7 816 просмотра
Қылмыстық кодекстегі өзгерістер Оқиға

Қылмыстық кодекстегі өзгерістер

5-ші ақпанда «Қылмыстық заңнамаларды әрі қарай ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылық кепілдіктерді күшейту мәселелері бойынша кейбір ҚР заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінде қандай өзгерістер болғандығын әңгімелеп беруді адвокат Нұрлан ЖОЛБОЛОВТАН өтінген едік. 17 ақпан 2011, 00:00 6 360 просмотра
Отандық телеарналардың теңдікке қолы жете ме? Қоғам

Отандық телеарналардың теңдікке қолы жете ме?

Таяу жылдарда қазақстандық телекөрермендерге отандық телеарналармен оңаша қалатын күн тумақшы. Криминалды НТВ, «белден төменгі» әзілі бар ТНТ және төсек сахналарына еш қымсынбастан қатысатын, бірін-бірі төмпештеп жататын актерлары бар фильмдер енді кабельдік телеарналар желісінен алынып тасталынады. Мұның несі жаман? Әрине ештеңесі де. Алайда, осындай тәсілмен байланыс және ақпарат министрлігі «Хабар» мен «Қазақстан» және басқа телеарналардың рейтингісін көтеруді жоспарлап отыр. 17 ақпан 2011, 00:00 3 635 просмотра
Қоғам

Мұнайшылар жаңа ұжымдық келісім-шартқа қол қойды

Таяу күндері «Барлау Өндіру ҚазМұнайГаз» компаниясының «Ембімұнайгаз» жєне «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалдарының ұжымдары 2011-2013 жылдарға жұмыс берушілермен ұжымдық келісім-шартқа қол қойды. 17 ақпан 2011, 00:00 3 108 просмотра