Атырау, 26 қараша 08:49
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мәжіліс 2014 жылғы республикалық бюджеттің нақтыланған жобасын мақұлдады

2 192 просмотра

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, елдегі экономикалық жағдайды талдау базасында макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлерін нақтылау, сонымен қатар, бюджетке түсімдердің болжамына орай бюджетке түзету енгізіліп отыр.

Бұл ретте құжатқа сәйкес, 2014 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы (трансферттер түсімін есепке алмағанда) бекітілген жоспарға 420 млрд. 742 млн. 279 мың теңгеге азайтыла отырып, 3 трлн. 940, 4 млрд. теңге сомасында айқындалады. Соның ішінде салықтық түсімдер бойынша кірістер - 460 млрд. 511 млн., салықтық емес түсімдер - 39 млрд. 501 млн. теңгені құрайтын болады. 

Ал бюджет шығыстары 65 млрд. 520 млн. теңгеге ұлғая отырып, 7 трлн. 190 млрд. 297 млн. теңгені құрайтын болады. Бұл ретте Ұлттық қордан 325 млрд. теңге нысаналы трансферттер бөлінеді. Аталған қаражат негізінен банк секторын сауықтыруға, индустрияландыру жобаларын сауықтыруға, Астана қаласында инфрақұрылымдар салуға жолданатын болады.

Заң жобасына сәйкес, ағымдағы жылғы бюджеттің тапшылығы ІЖӨ 2,6 пайызын құрайды. Ал инфляция параметерлері болжанған 6-8 пайыздық дәлізде сақталады.

Талқылау барысында депутаттар тарапынан бюджеттің тиімділігін арттыру, қаражатты игеруді толық қамтамасыз ету мәселелері ктерілді.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

29 қазан 2014, 11:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.