Атырау, 23 наурыз 17:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Ким Чен Ын КХДР Мемлекеттік істер төрағасы қызметіне қайта сайланды

100 рет қаралды

Солтүстік Корея басшысы елдегі ең жоғарғы мемлекеттік қызметке қайта сайланды. Бұл туралы Корей Орталық телеграф агенттігі хабарлады, деп жазады АА.

КХДР Жоғарғы халық жиналысының XV шақырылымының алғашқы сессиясында Ким Чен Ын Мемлекеттік істер төрағасы болып қайта сайланды.

Ким Чен Ынға жақын тұлға, Корея Еңбек партиясы Орталық комитетінің хатшысы Чо Ён Вон Жоғарғы халық жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы және Мемлекеттік кеңестің төраға орынбасары болып сайланды. Ол бұл қызметтерде Чхве Рён Хэнің орнына келді.

Ал ақпанда Еңбек партиясында бөлім меңгерушісі қызметіне көтерілген Ким Ё Чжон Мемлекеттік кеңес құрамынан шығарылды.

Мемлекеттік кеңес отырыстарында конституцияға өзгерістер енгізу, партия съезінде жарияланған ұлттық дамудың бесжылдық жоспарын жүзеге асыру шаралары және 2026 жылға арналған мемлекеттік бюджет талқыланды.

Бүгін, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.