Атырау, 25 қараша 03:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ лаңкестік қаупіне байланысты ведомстволарындағы күзет қызметін күшейтуде

1 535 просмотра

Лаңкестік қаупіне байланысты Колумбия округі мен басқа да америкалық қалалардағы бірқатар федералдық ведомстволарда күзет қызметі нығайтылуда, деп хабарлайды Русская планета Associated Press-ке сілтеме жасап. 

 АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Джех Джонсонның айтуынша, қауіпсіздік шараларын күшейту шешімі «отанымыздың аумағы мен жалпы әлем бойынша (америкалықтарға – РП) шабуыл жасау туралы ескертулерге байланысты» қабылданып отыр.

Алайда ведомство қандай қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдайтынын министр нақтыламады, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары күшейтілетін аумақтардың тізімін де жариялаудан бас тартты.

Ішкі қауіпсіздік министрлігі (АҚШ-та үкіметтік департамент деп аталады) 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдан кейін құрылған болатын. Оған дейінгі ведомство Ішкі қауіпсіздік басқармасы деп аталған, оның құрылғаны туралы ірі лаңкестіктен кейін бір апта өткен соң кіші Джордж Буштың өзі мәлім етті.

Қазіргі мәртебесін ведомство 2003 жылы алды. Бүгінде ІҚМ бақылауына жалпы Америка бойынша билік органдарының 10 мыңға жуық ғимараты кіреді.  

Дереккөз: bnews.kz

29 қазан 2014, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.