
Голан жоталарында қызмет атқарып жүрген Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметшілері халықаралық миссияға қатысушылар үшін мәдени іс-шара ұйымдастырды.
БҰҰ миссиясы құрамындағы 139 қазақстандық бітімгер өз аймағында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін атқарып келеді.
Наурыз мерекесі достық пен өзара құрмет жағдайында өтті. Қазақстандық әскери қызметшілер жаңару мен игілікті бейнелейтін ұлттық дәстүрлерді таныстырып, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынды. Шараға Непал, Үндістан, Уругвай елдерінің бітімгерлері, сондай-ақ UNDOF пен UNTSO құрылымдарының офицерлері мен бақылаушылары қатысты.
Бұл мерекелік жиын халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, мәдениетаралық диалогты дамытуға ықпал етті. Көпұлтты миссия жағдайында Наурызды атап өту қазақстандық бітімгерлердің бейбітшілікке, өзара түсіністікке және мәдени әртүрлілікті құрметтеуге деген адалдығын айқын көрсетті.
В Атырау -10