Бұрынғы аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясы мен Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметтерін біріктіріп, қайта құрылған облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бастығы болып Мұрат ЕРМЕКҚАЛИЕВ тағайындалды.
Ол бұрын Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бастығы боп қызмет атқарған. Балық шаруашылығы инспекциясындағы оның орынбасары Арман МОЛДАШЕВ жаңа құрылымдағы орынбасар лауазымын сақтап қалды. Ермекқалиевтың тағы бір орынбасары болып, аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының бұрынғы бастығы Марат ӘБДІРАХМАН тағайындалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ