АҚШ-та алқа билер соты Бостондағы марафон кезіндегі жарылыс ісі бойынша Джохар Царнаевтың универсиеттегі досы жалған ақпарат берген деп айыптады, деп хабарлады Lenta.ru.
Айыптау нұсқасы бойынша, 21 жастағы Робел Филлипос достарымен бірге Бостондағы терактіден кейін Царнаев тұрған жатақханаға қылмыстың айғақтарын жою үшін барған. Филлипос жарылысты ұйымдастырды деген күдіктінің бөлмесіне бармағанын айтса да, кейіннен оны мойындады.
Сонымен бірге сот екі қазақстандықты терактіні тексеруге кедергі келтіріп, айғақтарын жойғандығы үшін айыпты деп тапты. Олардың біреуі Диас Қадырбаев тергеумен келісімге келді.
Бостондағы марафонда жарылыс 2013 жылдың 15 сәуірінде болды. Теракт салдарынан үш адам қаза тауып, 250-ден астам адам жарақаттанды. Жарылысты ұйымдастырды деп ағайынды Царнаевтар айыпталды. Тамерлан Царнаев оны ұстау кезінде қаза болды. Джохар Царнаевты 2014 жылдың қарашасына арналған сот күтіп тұр. Оған тағылған айыптар бойынша оны өлім жазасы күтіп тұр.
Дереккөз: ҚазАқпарат