Атырау, 3 қазан 11:30
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

АҚШ-та ғарыш зымыраны апатқа ұшырады

2 017 просмотра

  ВИДЕО: АҚШ-тағы Уоллопс ғарыш айлағынан ұшырылған Antares зымыраны апаты. 28 қазан 2014 жыл. ВИДЕО: АҚШ-тағы Уоллопс ғарыш айлағынан ұшырылған Antares зымыраны апаты. 28 қазан 2014 жыл.АҚШ-тың Вирджиния штатының жағалауындағы Уоллопс аралындағы ғарыш айлағынан ұшырылған Antares зымыраны әуеге көтеріле бере жарылып кеткен. Зымыран халықаралық ғарыш станциясына Cygnus кемесімен жүк жеткізуі тиіс болатын.

Оқиға 28 қазан күні жергілікті уақыт бойынша 18 сағат 23 минутта болған. Зымыранның ұшырылуы НАСА-ның ресми сайтынан тікелей эфирде көрсетілген. Әуеге шамалы ғана көтерілген соң алты секундтан кейін змыран отқа оранған күйі жерге құлап, кейін жарылған. Алдын-ала мәліметтер бойынша, апаттан адам қазасы болмаған. Бірақ, өрт салдарынан ұшу кешенінің нысандары зақымданған. 

Коммерциялық жүк кемесі ғарыш станциясына екі тоннадан астам жүк жеткізуі керек болатын. Кеме станциямен 2 қарашада түйіседі деп жоспарланған. Апаттың себептері әзірше белгісіз.

Antares зымыранын НАСА-мен келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін америкалық жекеменшік Orbital Science фирмасы жасап шығарған. Orbital Science - америкалық жүк және ғарышкерлерді алып ұшатын соңғы үлгідегі ғарыш кемелерін жасаумен айналысатын шағын екі компанияның бірі.

Дереккөз: Азаттық радиосы

29 қазан 2014, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.