АСТАНА, 28 қаз - Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда сатып алу жөніндегі жосықсыз қатысушысылардың тізілімі уақытылы жаңартылмайды, деп хабарлады сейсенбіде Қазақстанның Бас прокуратурасы.
Хабарламада көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Есеп комитетінің республикалық бюджеттің орындалуы туралы есептеріне сәйкес, 2013 жылы 43 млрд. астам теңгенің игерілмеуінің бірден-бір себебі - әлеуетті өнім берушілердің өз міндеттерін орындамауы болған.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 6-тармағына сәйкес, сатып алуға қатысумен байланысты шектеулердің бірі–ол ықтимал өнім жеткізушінің мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне қосылуы болып табылады.
Іріктеп жасалған мониторинг нәтижесі тізілімде мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылған 989 (2013 жылы–623, 2014 жылғы 1 тоқсанда–366)заңды тұлға мен жеке кәсіпкерге қатысты мәліметтердің жоқ екендігін көрсетті.
Тек қана Ақтөбе облысы бойынша тізілімге заңды және жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп өз мерзімінен кешіктіріп қосудың 233 дерегі анықталды.
Жалпы алғанда бұл және өзге де мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы туралы мәліметтердің тізілімде болмауына қатысты бұзушылықтар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның 12- бабымен көзделген сыбайлас құқық бұзушылықтарды жасауғаалғышарт жасайды.
Дереккөз: newskaz.kz