Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) биылғы жылдың қорытындысы бойынша әзірлеген "Doing Business 2015" рейтингісінде Қазақстан 77 орынға сырғыды. Қазақстан бизнес жасауға қолайлы, жағдай жасалған елді анықтайтын бұл рейтингте былтыр 77-орында тұрған еді.
IFC дайындаған есеп бойынша, Қазақстан жеке мүлікті тіркеу, халықаралық сауда, келісім-шарттарды орындауға жағдай жасау және төлем қабылетcіздігіне рұқсат ету салаларында біршама жетістікке жеткен. Бірақ бизнесті бастау, құрылыс жүргізуге рұқсат беру, несие беру, электр желілеріне қосылу, инвесторларды қорғау, салық салу критерийлері бойынша Қазақстанның көрсеткіштері нашарлаған.
Рейтингте постсоветтік елдер арасынан Грузия - 15, Эстония - 17, Латвия - 23, Литва - 24, Армения - 45, Беларусь - 57, Ресей - 62, Молдова - 63, Әзербайжан - 80, Украина - 96, Қырғызстан - 102, ал Тәжікстан 166-орында тұр.
Рейтингті Сингапур бастап, одан кейінгі орындарда Жаңа Зеландия, Гонконг, Дания және Оңтүстік Корея аталған.
Дереккөз: Азаттық радиосы