
Әз-Наурыз мерекесі аясында Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері дәстүрлі баспананы заманауи технологиямен үйлестірген ерекше жобасын көпшілікке ұсынды.
«SMART KIIZ ÜI» деп аталатын инновациялық әзірлеме киіз үйді цифрлық жүйелермен біріктіріп, «ақылды» тұрғын үй концепциясын көрсетеді.
Жоба аясында баспана баламалы энергия көздерімен, соның ішінде күн панельдерімен жабдықталған. Арнайы мобильді қосымша арқылы жарық жүйесін, есік-терезелерді қашықтан басқаруға болады. Ішкі климат автоматты түрде реттеліп, температура мен ылғалдылық тұрақты бақылауда ұсталады. Қауіпсіздік үшін өрт пен газды анықтайтын сенсорлар орнатылған.
Бұл бастама туризм саласына да бағытталған. Жобаны глэмпинг форматында пайдалану ұлттық дәстүрді заманауи өмір салтымен үйлестіруге мүмкіндік береді.
Студенттердің бұл жұмысы олардың IT, энергетика және дизайн саласындағы білімін тәжірибеде тиімді қолдана алатынын дәлелдейді. Сонымен қатар өңірдің инновациялық әрі цифрлық дамуына серпін беретін бастама ретінде бағаланды.
В Атырау -10