Атырау, 10 қаңтар 01:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Барлық жаңалық

Атырауда қолөнершілер орталығы ашылды Басқа жаңалықтар

Атырауда қолөнершілер орталығы ашылды

15 шілдеде Атырауда түрлі саладағы қолөнершілердің басын қосатын «Дәстүр» өнер орталығы ашылды. Мұнда келушілер өнерпаздардың қолынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымдармен танысып қана қоймай, шеберлердің сабақтарына да қатыса алады: олар бұл жерде матаға маржан тастар орнату, жүннен бұйымдар жасау, кілем тоқу, біз кестемен жұмыс, киіз басу, зергерлік және қыштан бұйым жасау құпияларымен бөліседі. Сурет 17 шілде 2019, 11:41 5 897 рет қаралды
Су – тілсіз жау Басқа жаңалықтар

Су – тілсіз жау

Атырау облысында соңғы 6 айда 18 адам судың құрбаны болды. Оның ішінде 6 жағдай суға шомылу маусымы кезінде орын алған. Бұл қайғылы дерек Атырау облыстық ТЖД ұйымдастырған пресс-тур барысында айтылды. Журналистер құтқарушылармен бірге катермен Жайық өзені бойымен жүріп, адамдардың көп жағдайда бейғам, мұндай жамандық өздерінен аулақ жүретіндей сезінетіндеріне көз жеткізді. Сурет Бейнежазба 17 шілде 2019, 11:18 6 969 рет қаралды
Сүйіндіктегі қойдың қырылғанын Ресей де естіпті Басқа жаңалықтар

Сүйіндіктегі қойдың қырылғанын Ресей де естіпті

Россельхознадзор 15 шілдеден бастап Ресейге Атырау облысынан ұсақ мал мен оның етін әкелуге уақытша шектеу қойды. Оған «Қазақстанның осы аумағында қойлардың шешек ауруы салдарынан жаппай қырылуы жөніндегі БАҚ –тағы ақпарат негіз болған». Демек, бұл жерде әңгіме көктемде Құрманғазы ауданындағы шаруа қожалықтарының біріндегі болған еділбай тұқымды қойлар мен  қозылардың жаппай қырылуы туралы болып отыр. Ал, ол аймақ РФ Астрахан облысымен шекаралас. 17 шілде 2019, 11:24 3 589 рет қаралды
Кәсіподақ төрағасы Ерлан Балтабай жеті жылға сотталды Қазақстанда

Кәсіподақ төрағасы Ерлан Балтабай жеті жылға сотталды

Бүгін, 17 шілдеде Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты «Лайықты еңбек» кәсіподағы мен отын-энергетика кешенінің салалық кәсіподақ төрағасы Ерлан Балтабайды жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. 17 шілде 2019, 10:49 2 711 рет қаралды
Экология министрі қымбат ас ішкені үшін отставкаға кетті Әлемде

Экология министрі қымбат ас ішкені үшін отставкаға кетті

Францияның экология министрі Франсуа Де Рюжи салық төлеушілердің ақшасын шашты деген айыптаулардан кейін отставкаға кетті. Шенеунік қонақтарға ең қымбат француз шарабы мен теңіз шаянынан ас әзірлеп, көп ақша жұмсаған.  17 шілде 2019, 10:21 2 140 рет қаралды
Ресейден ұрланған көліктер Қазақстан шекарасында ұсталды  Қазақстанда

Ресейден ұрланған көліктер Қазақстан шекарасында ұсталды

Шекарашылар Ресейде жоғалған автокөліктерді Өзбекстанға асырмай, ел шекарасында ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сілтеме жасап.  17 шілде 2019, 10:16 2 394 рет қаралды
Араб Әмірліктерінің мұнай кемесі Ормуз бұғазында жоғалып кетті Әлемде

Араб Әмірліктерінің мұнай кемесі Ормуз бұғазында жоғалып кетті

Ормуз бұғазынан өтіп бара жатқан Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) мұнай танкері екі күн бұрын өзінің координаттары туралы ақпарат жіберуді тоқтатты. Соңғы дерек бойынша, кеме Иранға қарай өтіп кеткен. Бұл туралы Associated Press хабарлады. 17 шілде 2019, 10:13 2 938 рет қаралды
Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапқан студент қыздың ісі жабылып тынды Қазақстанда

Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапқан студент қыздың ісі жабылып тынды

Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапқан студент қыздың туыстары әділеттілікке қол жеткізе алмай жүр. Олардың айтуынша, Сандира Серікханды біреулер әдейі 17-ші қабаттан құлатып жіберген көрінеді. Чанчжоудағы ең мықты университеттің біріне грантқа түскен қандасымыздың өмірінің соңғы сәттері таспаға да түсіп қалыпты. Бірақ іс суицид деп жабылып тынған. 17 шілде 2019, 10:10 5 424 рет қаралды
Лондон Олимпиадасының чемпионы Головкинмен жекпе-жек өткізбек Қазақстанда

Лондон Олимпиадасының чемпионы Головкинмен жекпе-жек өткізбек

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, жақында ғана орта салмақта WBA белбеуін қайтарып алған Риота Мурата дивизион көшбасшысы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге ниетті. Бұл туралы жапон боксшысының промоутері Боб Арум айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. 17 шілде 2019, 10:09 1 857 рет қаралды
Зеленский бір күнде 22 шенеунікті қызметтен босатты Әлемде

Зеленский бір күнде 22 шенеунікті қызметтен босатты

Украина президенті Владимир Зеленский 22 лауазымды тұлғаны, оның ішінде аудан әкімшіліктерінің басшыларын жұмыстан босатуға тапсырма берді. Тиісті жарлықтар президенттің веб-сайтында 16 шілдеде жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  17 шілде 2019, 09:29 2 324 рет қаралды
Еурокомиссияға жаңа басшы сайланды Әлемде

Еурокомиссияға жаңа басшы сайланды

Германияның бұрынғы қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйен Еурокомиссияның жаңа басшысы болып сайланды. Мұндай шешім 16 шілдедегі Еуропарламент отырысында қабылданды. Фон дер Ляйен Еурокомиссияны басқаратын алғашқы әйел болмақ.   17 шілде 2019, 09:11 2 557 рет қаралды
Төртінші қатардан секіргісі келген қызды үш жігіт тоқтатты Басқа жаңалықтар

Төртінші қатардан секіргісі келген қызды үш жігіт тоқтатты

15 шілдеде күндіз Атырауда бойжеткен көпқабатты үйдің төртінші қабатынан секіріп, өмірмен қош айтыспақ болды, алайда, оған полицеймен бірге сол маңда болған жігіттер жол бермеді. Бейнежазба 16 шілде 2019, 17:36 3 749 рет қаралды
Қытайда көз жұмған қазақстандық қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты Қазақстанда

Қытайда көз жұмған қазақстандық қыздың өліміне қатысты тың дерек шықты

Қытай полициясы қазақстандық Сандира Серікханованың өліміне қатысты істі қайта қарап, қыздың жазатайым оқиға салдарынан көз жұмғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   16 шілде 2019, 16:22 3 444 рет қаралды
Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр Басқа жаңалықтар

Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр

Атырау қаласының әкімдігі, мемлекеттік кірістер департаменті, жергілікті полиция қызметі және қалалық тұрғын үй инспекциясы бірлесіп, мұнайлы астанада пәтерді заңсыз жалға берушілерді, яғни, пәтерін жалдап, бірақ, мемлекетке салық төлемей отырғандарды анықтау бойынша рейд жүргізді. Сурет Бейнежазба 16 шілде 2019, 11:38 5 421 рет қаралды
Аудандардың жаңа оқу жылына дайындығы қалай? Басқа жаңалықтар

Аудандардың жаңа оқу жылына дайындығы қалай?

Міне, жазғы каникулдың тең жартысы зу етіп өте шықты. Мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы қалай? «АЖ» тілшісі аудандардағы білім бөлімдеріне хабарласып, жалпы жұмыстарды саралап шықты. 16 шілде 2019, 12:31 3 177 рет қаралды
Денсаулық басқармасының өз әлемі немесе «бұзық телефон» ойыны Басқа жаңалықтар

Денсаулық басқармасының өз әлемі немесе «бұзық телефон» ойыны

Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен хат алмасып, эпистолярлық қарым-қатынас жүргізгеннен кейін біз олардан бөлек басқа бір әлемде өмір сүріп жатырмыз-ау деген пайымға келдім. Біз және оқырмандарымыз тұратын әлемде дәрігерлер, тегін дәрі-дәрмектер жетіспейді, салалық маманға қаралу үшін алдын ала жазылсаң да, кезекті апталап күту керек. Ал Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жазбаша жауаптарында Грециядағы сияқты: бәрі бар. Жергілікті емханалар салалық мамандармен толық қамтылған, барлық препараттар жеткілікті, ешқандай дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. 16 шілде 2019, 13:28 4 017 рет қаралды
АҚШ мигранттарға баспана беру шарттарын қатаңдатты Әлемде

АҚШ мигранттарға баспана беру шарттарын қатаңдатты

АҚШ-тың әділет және ішкі қауіпсіздік министрліктері мигранттарға баспана берудің жаңа ережелерін белгіледі. Енді оңтүстік шекарадан өткен мигранттардың оған дейін өзге ел территориясынан өткені анықталса – пана берілмейді. Бұл өзгерістер 16 шілдеде күшіне енеді. 16 шілде 2019, 11:23 2 051 рет қаралды
Қазақстанда бензин өндірісі 12,8 пайызға артты  Қазақстанда

Қазақстанда бензин өндірісі 12,8 пайызға артты

Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында бензин өндіру көрсеткіші 1 975,9 мың тоннаға жетіп, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,8 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика комитетіне сілтеме жасап.  16 шілде 2019, 11:20 2 587 рет қаралды
«Жаңа» паспорт та көмектеспеді Басқа жаңалықтар

«Жаңа» паспорт та көмектеспеді

2018 жылы Атырау облысында 56 мың 864 шетелдік тіркелген, оның 7 мыңнан астамы алыс шетелдерден, қалғандары ТМД елдерінен келген. Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Болат ДОСҚАЛИЕВ хабарлады. 16 шілде 2019, 10:39 2 715 рет қаралды