Атырау, 24 сәуір 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16

Отбасы банк зейнетақы жинағындағы артық қаражатты шұғыл пайдалануға шақырды

96 рет қаралды

Қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін алдын ала пайдалануға өтініш беру қажеттілігі ескертілді.

Банктың баспасөз қызметі хабарлағандай, жеткіліктілік шектері жақын арада, шамамен мамыр айында, көтеріліп қалуы мүмкін. Бұл бүгінгі қолжетімді сома өзгеретінін білдіреді: кейбір салымшыларда ол азаяды, ал кейбіреулер мүлде зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігін жоғалтады.

Жеткіліктілік шектерін қайта қарау жоспары туралы бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеген. Оның айтуынша, тиісті қаулы жобасы мемлекеттік органдарға келісуге жіберілген. БАҚ-та жеткіліктілік шегін есептеу тәсілін өзгерту мәселесі талқыланып жатқаны да хабарланған.

Отбасы банк еске салғандай, зейнетақы артығын пайдаланудың бір жолы — қаражатты БЖЗҚ-дан банк депозитіне аударып, кейін тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттау.

Бұл үшін:

  • ЭЦҚ алып, NCALayer орнату қажет;
  • БЖЗҚ жеке кабинетінде қолжетімді соманы тексеру керек;
  • Отбасы банк мобильді қосымшасы немесе видеобанкинг арқылы арнайы шот ашу қажет;
  • enpf-otbasy.kz платформасында авторизация жасап, өтініш беру керек.

Өтініш қабылдау мен қаражат аудару бірнеше жұмыс күнін алады: өтініш қаралуы — 2 күнге дейін, қаражаттың түсуі — 3–5 күн, тексеру және аудару — 10 күнге дейін.

2026 жылға арналған жеткіліктілік шектері БЖЗҚ деректерінде жарияланған:

  • 20 жастағы азаматтар үшін — 3,72 млн теңге,
  • 30 жастағылар үшін — 5,12 млн теңге,
  • 40 жастағылар үшін — 6,72 млн теңге.

Жалпы алғанда, биылғы шектер орта есеппен 10%-ға көтеріліп, жас ерекшелігіне қарай 3,72 млн теңгеден 10,7 млн теңгеге дейінгі аралықта белгіленген.

Осыған байланысты банк қолжетімді сомасы бар азаматтарға өтінішті кешіктірмей беруді және жинақтарын алдын ала тексеруді ұсынады.

Бүгін, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.