Гонконг ақпарат құралдары бірнеше сағат бұрын шұғыл хабар таратты. Онда түнімен қоршауға алынған политехникалық университетке арнайы полиция тобы шабуыл жасағаны айтылады.
Хабарға қарағанда, түні бойы қоршаған Гонконг полициясы таң ата политехникалық университеттің ішіне шабуыл жасаған. Кеше ереуілшілер полицияны университет ішіне кіргізбеу үшін күшті қарсылық көрсеткен еді. Хабарларда студенттер қалашығында күшті жарылыс болғаны айтылады. Мәліметке қарағанда, жоғары оқу орнындағы ереуілшілерге қарсы арнайы техникалық топ іске кіріскен.
Мыңдаған белсенді қамауға алынған, зардап шеккендер туралы анық мәлімет жоқ. Тек, тікелей эфир хабарларында ЖОО-ның үлкен қақпасының өртеніп жатқаны және полиция көлігінің жанып кеткенін көруге болады.
Дереккөз: Qazaqtimes.com