Атырау, 23 қараша 22:48
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Рождество сыйлықтары арасындағы қазақы шұлық

Сурет
3 634 просмотра


Өткен жексенбіде Атыраудағы Renaissance қонақ үйінде Рождество жәрмеңкесі өтті. Оған жергілікті қолданбалы өнер шеберлері мен Қазақстанның басқа қалаларынан келген меймандар қатысты.

- Рождество жәрмеңкесі жыл сайын осы уақытта өтеді. Әдетте оны шетелдіктер ұйымдастырады. Бұл жолы шетелдік достарымның қолдауымен өзім ұйымдастырушы болдым, - дейді көрмені ұйымдастырушы Дина ГАЙСИНА. - Сатудан түскен қаражаттың барлығы қайырымдылыққа жұмсалады. Мен бұл жерге Орал, Ақтөбе, Алматы қалаларынан он шақты шеберді жинадым. Олар өз өнімдерін сатып, осы жерде қолөнердің алуан түрі бойынша – қуыршақ жасау, жібек шарф дайындау, ағашпен, керамикамен, батикпен жұмыс жасау бойынша шеберлік дәрістерін өткізді.

Көрме үстелдеріне шырша ойыншықтары, рождестволық гүлдестелер, қазақтың оюларымен өрнектелген үлкен қызыл шұлықтар («жергілікті» америкалықтар оны әдетте пешке іліп қояды, ал рождество түнінде ішіне сыйлықтар салады), қолдан жасалған әр түрлі бұйымдар қойылған. Сүйкімді «үй иесі», капроннан жасалған рождестволық періштелер (бұларды дайындауға бір күндей уақыт кетеді), салпыншақ бұйымдар, магниттер, алқалар... Бәрін тамашалап қарап шыққанша, басымда Френк Синатраның «Letitsnow» әуені ойнап тұрды. Достар, Жаңа жыл  да келіп қалды ғой!

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

18 қараша 2019, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.